5898

Ұлттық аударма бюросы «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының бүгінгі нәтижелерін бөлісті

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қорының атқарушы директоры Рауан Кенжеханұлы «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы мен бүгінгі нәтижелері туралы ой бөлісті.

Рауан Кенжеханұлының айтуынша, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы қолға алынғаннан бері үш жарым жыл ішінде 77 оқулық аударылып, еліміздегі 132 ЖОО кітапханасына жеткізілді.

Бүгінгі таңда 23 оқулық аударылып, баспаға дайындалып жатыр. Жоспар бойынша оқулықтар жыл соңына дейін жарық көріп, жоғарғы оқу орындарына табысталады.

Оқулықтарды дайындауға елдегі бірқатар универитеттің оқытушылары, ғалымдар мен редакторлар, аудармашылар – жалпы саны 300-ге тарта маман қатысқан.

«Бүгінде білім беру мазмұны түбегейлі жаңарды. Мәселен, философия, писхология, әлеуметтану, саясаттану, тіл білімі секілді салалар бойынша аударылған оқулықтар әлемнің үздік университеттерінің оқу бағдарламасына енген. Дамыған елдердің оқу орындарында талқыланатын мәселелер біздің аудиторияға да келді. Бір жағынан алғанда бұл жоба «Болашақ» бағдарламасының кең жалғасы секілді. Өйткені «Болашақ» бағдарламасы аясында біз қабілетті жастарды әлемдегі ең мықты деген оқу орындарына жіберіп жүрсек, бұл жоба сол жердегі оқу мазұнын, идеялар мен концепцияларды елге алып келіп, қазақ тіліне аударып, барлық студенттерге қолжетімді етуді көздейді», – дейді Рауан Кенжеханұлы.

«Ұлттық аударма бюросы» басшысының сөзінше, бұл жоба бұған дейін қазақ тілінде мүлде болмаған жаңа салаларға жол ашты. Мәселен, статистика, демография, зерттеу әдістері, маркетинг, макро және микроэкономика, ұйымдық мінез-құлық, интернет психологиясы секілді маңызды салаларға қатысты жаңа білім беру құралдары пайда болды.

Сондай-ақ Рауан Кенжеханұлы жұмыс нәтижесінде өзіндік жұмыс істеу технологиясы, ұстанымдары бар аударма мектебі қалыптасқанын атап өтті.

Сонымен қатар биыл Мемлекет басшысының тапсырмасымен Абай Құнанбайұлының шығармалар жинағы әлемнің 10 тіліне аударылды.
Рауан Кенжеханұлының айтуынша, жұмыс барысында Абай шығармалары бұрын мүлде аударылмаған елдердің тіліне аударылып, көркем аударма тұрғысынан да ерекше назар аударылған.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109