8782

Нұр-Сұлтан әкімі инвестициялық кеңесте қандай жобалар қолдау тапқанын айтты

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес инвесторлар үшін барлық жағдай жасалып, әкімшілік кедергілер алынып тасталуда. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өзінің "Инстаграм" парақшасында жазды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

"Қала мен тұрғындар қажет ететін нысандардың құрылысына, жаңа жұмыс орындарын құруға жеке инвесторларды тартамыз. Бүгін өңірлік инвестициялық кеңесте бірқатар әлеуметтік жобалар қолдау тапты. Олардың қатарына медициналық қолғаптар шығаратын зауыт, мектептер, балабақшалар, медициналық орталық, "Триатлон академия" оқу-спорт кешенін салу жатады.

Сонымен бірге автоклавты газоблокты және резеңке үгіндісін (тақташа, жұмсақ жабынқыш, жол кедергілері) өндіретін зауыттардың құрылысын қолдады. Өндірілетін өнімді құрылыс секторында, қаланы, аула аумақтарын, қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру кезінде қолдануға болады.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес инвесторлар үшін барлық жағдайды жасап, әкімшілік кедергілерді алып тастаймыз. Дегенмен, инвесторлар барлық құжаттарды алған кезде жобаларды мерзімінде іске асыруға кірісуі қажет. Құрылыс барысын тоқсан сайын салыстырып, тексеріп отырамыз", - деп жазды Алтай Көлгінов.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109