3914

Елорда әкімі Алтай Көлгінов азаматтарды онлайн қабылдау өткізді

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі қала тұрғындарын онлайн қабылдады. Көтерілген мәселелер жоспарға алынды. Бұл туралы Алтай Көлгінов өзінің "Инстаграм" парақшасында жазды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

"Қала тұрғындарын онлайн қабылдадым. Көтерілген мәселелер жоспарға алынды. Мәселелердің бір бөлігі тұрғын үйге, әлеуметтік бағыттарға, кәсіпкерлікке және т.б. қатысты.

Мысалы, жақында тұрғын үй саласында қызмет көрсету бойынша бірыңғай орталық ашылды (Республика даңғылы, 32). Онда тұрғын үй мәселелері бойынша кеңес алуға болады. Кезекке тұру, кезек нөмірін, тұрғын үй бағдарламаларына қатысу шарттарын тексеру, тұрғын үй сертификатын алу, кредиттік/жалға берілетін пәтерлер мәселелері және т.б. бойынша кеңес беріледі.

Әлеуметтік мәселелер бойынша бір жылдан астам "Жанұя" отбасы институтын қолдау орталығы жұмыс істейді (Бейбітшілік даңғылы, 14). Орталықта мамандар жұмысқа орналасу, медицина, білім беру мәселелері бойынша кеңес береді, сондай-ақ заңгерлік және психологиялық көмек көрсетеді.

"IQala" қалалық қызмет көрсету орталығында (Қошқарбаев даңғылы, 29) бизнес үшін кеңес алуға және тұрғын үй-коммуналдық сектор ұйымдарының қызметтерін "бір терезе" қағидаты бойынша, сондай-ақ онлайн режимінде алуға болады", - деп жазды Алтай Көлгінов.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109