2068

Пандемия кезінде «Жұмыспен қамтудың жол картасы» арқасында 15 мыңнан астам жұмыс орны құрылды

Елордада «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында жаңа жұмыс орындарын құру жоспары артығымен орындалды. 15 253 бос жұмыс орнын ашу жоспарланып, 15 607 жұмыс орны құрылды, оның ішінде 7 926 адам жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналастырылды.

«Елорда тұрғындары түрлі салалардағы құрылыспен байланысты 151 инфрақұрылымдық жобалар бойынша жұмысқа тартылды. Жұмыспен қамтудың жол картасы бойынша ең көп сұранысқа ие жұмыс орындары - барлық санаттағы электриктер, дәнекерлеушілер, слесарлар, жүргізушілер. Қазіргі уақытта 45 жоба бойынша жұмыс аяқталды. Осы жобаларды іске асырған мердігерлер 1469 адамды тұрақты жұмыспен қамтыды», - деп хабарлады елордалық Жұмыспен қамту орталығы.

Елордада Жұмыспен қамту жол картасы бойынша жұмысқа қабылдау сәуір айында басталды, өйткені енгізілген төтенше жағдай мен карантинге байланысты көптеген ұйымдар, оның ішінде ШОБ өз жұмысын уақытша тоқтатты. Осы кезеңде жұмыспен қамту орталығы онлайн режимінде жұмыс істеді. Жұмыссыз азаматтар өздерінің тілектерін ескере отырып, жұмыспен қамту орталығына тіркелді. Үміткерлер сәйкес келетін бос жұмыс орындарын таңдады, содан кейін олар жұмыс берушілермен кездесулерге жіберілді.

«Екі апта сайын тікелей эфирде бос орындар жәрмеңкелері, жұмыс берушілермен ZOOM арқылы дөңгелек үстелдер өткізілді. Жұмыссыз қалған көптеген азаматтар осындай іс-шаралардың арқасында жаңа жұмыс орындарын тауып, мемлекеттің қолдауын сезінді. Жұмыс сипатына және бағдарламаға байланысты қатысушылар 85000 - 250.000 теңге көлемінде жалақы алады», - деп атап өтті Жұмыспен қамту орталығы.

Жұмыспен қамту орталығы сонымен қатар жұмыссыздардың жұмыспен қамтылуын және ұсынылған жобаларда жаңа жұмыс орындарының ашылуын қадағалайды. Ол үшін жедел штаб құрылған.

«Жұмыс берушілер мердігерлермен өзара байланысына қарай салалар бойынша жобаларға бөлінді. Әкімшілер жұмыспен қамту орталығы арқылы ашылған жұмыс орындарының және жұмыссыздардың санын бақылап отырды. Бақылау жұмысы бағдарламаның соңына дейін жалғасады», - деп атап өтті мекеме.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы - пандемия кезінде жұмыссыздықтың алдын алуға және қосымша жұмыс орындарын құруға бағытталған ауқымды жоба.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109