3812

Нұр-Сұлтанда газ баллоны қолданылатын тамақтану орындары жоспардан тыс тексеріледі

Нұр-Сұлтанда ведомствоаралық комиссия газ баллондары қолданылатын тамақтану орындарын жоспардан тыс тексеру бойынша жұмысын бастады. 21 қарашада кафеде болған газ баллоны жарылысы салдарынан 30-дан астам адам жарақат алды, екі адам қаза болды. Халықтың өмірі мен денсаулығына үлкен қауіп төндіретін осы төтенше жағдайды ескере отырып Нұр-Сұлтан әкімдігі қоғамдық тамақтану орындарын жоспардан тыс тексеруді бастады. Елорда әкімі Алтай Көлгіновтің тапсырмасы бойынша жұмыс тобы құрылды, оның құрамына Төтенше жағдайлар департаменті, Ішкі істер министрлігі, тұрғын үй инспекциясы, әкімдік, өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы және т.б. кіреді. Комиссияны әкім орынбасары Бақтияр Мәкен басқарады.

«Мемлекет кәсіпкерлерді қолдау үшін барлық жағдайларды жасайды, тексерулерге мораторий жарияланды. Біз кәсіпкерлерімізге сенеміз. ШОБ нысандары өз кезегінде барлық қауіпсіздік ережелерін сақтауы керек. Адам өмірі мен денсаулығына ештеңе қауіп төндірмеуі керек. Өткен аптада болған оқиғаны ескере отырып, мобильді топ жоспардан тыс тексерулерге барып, қосымша нұсқаулар береді. Егер заң бұзушылықтар анықталса, меншік иелеріне айыппұл және одан да қатал жаза қолданылады», - деді жұмыс тобының мүшесі, инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысы Ерлан Бекмырзаев.

Жиында қолданыстағы баллондарды кем дегенде 5 жылда бір рет қарап, куәландыру керек екендігі еске салынды.

Коррозиялық газдармен толтыруға арналған баллондар (хлор, метилхлорид, фосген, күкіртті сутек, күкірт диоксиді, хлорсутек және басқалары), сондай-ақ автомобильдер мен басқа да көлік құралдары үшін отын ретінде қолданылатын сығылған және сұйытылған газдарға арналған баллондар кем дегенде 2 жылда бір рет тексерілуі тиіс.

«Газ және газбен жабдықтау туралы» Заңға сәйкес, сұйылтылған мұнай газын екі қабаттан жоғары көп қабатты тұрғын үйлердегі тұрмыстық баллондарда сақтауға және (немесе) пайдалануға тыйым салынады.

Газ тұтынатын жүйелер мен газ жабдықтарының иелері олардың тиісті техникалық жағдайы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109