4263

Елордада «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы басталды

Нұр-Сұлтанда 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» республикалық акциясы аясында іс-шаралар басталады. Негізгі мақсат - тұрмыстық зорлық-зомбылық пен адам саудасының алдын алу және онымен күресу. Шараға мүдделі мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, қоғамның, дағдарыс орталықтарының және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысады.

«Акцияның негізгі міндеті - қоғам назарын екі шұғыл проблемаға аудару: тұрмыстық зорлық-зомбылық пен адам саудасының алдын-алу және оған қарсы іс-қимыл, сондай-ақ мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық бірлестіктердің адам құқықтарын қорғау бойынша күш-жігерді біріктіру қызметін жандандыру. Ішкі істер органдары әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық жасайтын және жасауға бейім адамдарды белсенді түрде анықтайды және олармен профилактикалық жұмыстар жүргізеді. Сондай-ақ әйелдердің өздерінің құқықтары мен қорғау нысандары туралы құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру бойынша мамандармен іс-шаралар өткізіледі», - деді әкімнің бас инспекторы - Нұр-Сұлтан әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы Мөлдір Бөлебаева.

Полиция департаментінің мәліметі бойынша, үстіміздегі жылы тұрмыстық құқық бұзушылық бойынша 1 146 адам жауапқа тартылған. Зардап шеккендерді қорғау үшін 6554 қорғаныс бұйрығы шығарылды, 270 әйел дағдарыс орталығына орналастырылды.

«Отбасылық жанжалдарға байланысты 102 нөміріне қайталанған қоңырауларды өңдеу тәжірибесі енгізілді. Осылайша, учаскелік инспекторлардың жұмысына бақылау күшейтілді. Азаматтық бастамаларды қолдау орталығымен бірге тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына және проблемалы отбасыларға құқықтық және психологиялық көмек көрсетіледі», - деді Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлінісінің аға инспекторы Гүлмира Шрахметова.

«Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» әлеуметтік акциясы - әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жоюдың халықаралық күні - 25 қарашада басталатын және 10 желтоқсан - Адам құқықтары күніне дейін жалғасатын жыл сайынғы халықаралық науқан.

Бұл күнді 1999 жылы БҰҰ Бас ассамблеясы ресми түрде жариялады және атаулы күн әлемнің 100-ден астам елінде қолдау тапқан.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109