3942

Елордадағы белгілі нысандарға қызғылт-сары жарық қойылады

Бүгін сағат 19:00-ден 20:00-ге дейін Нұр-Сұлтандағы маңызды нысандар қызғылт-сары жарықпен жарықтандырылады. Әкімдікте өткен брифинг барысында бұл туралы Нұр – Сұлтан қаласы әкімдігінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы, әкімнің бас инспекторы Мөлдір Бөлебаева айтып берді. Бұл акция гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы ынтымақтастық белгісі ретінде өткізіледі.

Бұған дейін хабарланғандай, «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» әлеуметтік акциясы - әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жоюдың халықаралық күні - 25 қарашада басталатын және 10 желтоқсан - Адам құқықтары күніне дейін жалғасатын жыл сайынғы халықаралық науқан.

Бұл күнді 1999 жылы БҰҰ Бас ассамблеясы ресми түрде жариялады және атаулы күн әлемнің 100-ден астам елінде қолдау тапқан.

Қазақстан астанасында да осы акция аясында бірқатар іс-шаралар өтеді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109