Елордада игі істер эстафетасы жалғасуда
2021 жылы атап өтілетін ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында елордада "30 игі іс" ұранымен әлеуметтік және қайырымдылық іс-шаралары өтеді. Бұл эстафетадағы ең басты мақсаты - қала өміріне белсене ат салысып, тұрғындарға игі іс жасау.
2020 жылдың 16 желтоқсаны қарсаңында "30 игі іс" жобасы аясында үш жаңа мектеп, жабық футбол манежі, велопрокат пункті бар жол-соқпақ желісі және жасыл белдеудегі құс асырауға арналған орын беріледі деп күтілуде. БЦП және неврологиялық бұзылулары бар балаларға арналған ірі оңалту орталығының ашылуы өтеді.
Елордалық 500-ден астам волонтер халықтың әлеуметтік әлсіз топтары мен жалғыз басты зейнеткерлерге қар тазалауға қажетті көмек көрсетуді жалғастырады.
Қала тұрғындары эстафетаға қосылып, жақсы акция аясында өз аккаунттарында #Мейірімдіболуәдет, #Добротаобразжизни #Моднобытьдобрым хештегімен ақпарат немесе бейне жариялай алады.
Игі іс жасау - ізгіліктің белгісі!
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz