3054

Елорда әкімі халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын қолдау туралы айтты

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов "Еңбегі жанған арулар" атты іскер әйелдер форумына қатысты. Бұл туралы ол өз инстаграм парақшасында жазды, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

«Халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын қолдау — біздің негізгі басымдықтарымыздың бірі. Бюджетті маңызды бөлігі әлеуметтік бағытқа бағытталады. Биыл пандемияны ескере отырып, бюджет шығындарды азайту жұмыстарын жүргіздік. Әлеуметтік салаларға қосымша 10 млрд.теңгеден астам қаражат қарастырылды. Нақты көмек көрсету үшін өткен жылдың жазында "Жанұя" отбасы институтын қолдау орталығы ашылды. Бүгін орталықтың жұмысы ҚР Президентінің көмекшісі Тамара Дүйсеноваға таныстырылды.

Орталықта қала тұрғындары тұрғын үй, білім беру, медицина, АӘК тағайындау, бизнесті ашу және т.б. мәселелер бойынша кеңес алып, көмек ала алады. Сонымен бірге орталықта біліктілікті арттыру курстары өткізіледі, құқықтық және психологиялық көмек көрсетіледі. "Жанұя" орталығында адамдар "бір терезе" қағидаты бойынша көмек алады. Осы уақыт ішінде орталық 30 мыңнан астам адамның мәселесін өңдеді.

Сонымен қатар, бүгін "Жанұя" орталығында "Еңбегі жанған арулар" атты жұмыс істейтін әйелдер форумына қатыстым. Онда жұмыс істейтін әйелдердің мәртебесін арттыру, әлеуметтік жобаларды кеңейту және қолдау және т.б. мәселелер қаралды. ҚР іскер әйелдер қауымдастығының белсенді мүшелеріне алғыс хаттар табыс етілді»,- деп жазды Алтай Көлгінов.

Фото: Александр Куприенко

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109