«Нұр-Сұлтан қаласында көше саудасын жүргізу үшін павильондарды орналастыру» жобасы бойынша өтініштер қабылдау басталды
«Astana» ӘКК» АҚ «Astana» ӘКК» АҚ-мен жер учаскілерін ұсыну Ережелеріне» сай «Нұр-Сұлтан қаласында көше саудасын жүргізуге арналған павильондарды орналастыру» жобасы (бұдан әрі-Жоба) аясында жер учаскілерін алуға өтініштер қабылдау басталғандығын хабарлайды.
Жобаға қатысу туралы өтініштер 2020 жылдың «25» қараша бастап тізбесінің 4-бағанында көрсетілген өткізу күнің 08 00 сағатқа дейін www.gosreestr.kz порталында қабылданады.
Сауда жеңімпазы қосалқы жалгерлік туралы келісім-шарт жасау мақсатында 5 (бес) жұмыс күні ішінде «Astana» ӘКК» АҚ төмендегі құжаттарды ұсынуы қажет:
Жеке кәсіпкерлер үшін:
- жеке кәсіпкердің тіркелгенін растайтын құжат;
- жеке кәсіпкердің жеке куәлік көшірмесі;
- жеке кәсіпкердің есеп айырысу шоты бар туралы банк анықтамасы;
- өкілдің өкілеттігін растайтын құжат (қажет болған жағдайда);
- 50 АЕК көлемінде кепілдік жарнаның аударылғанын растайтын төлем құжаты.
Заңды тұлғалар үшін:
- заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;
- бірінші басшыны тағайындау туралы шешімнің көшірмесі;
- заңды тұлғаның бірінші басшысына жасалған бұйрықтың көшірмесі;
- өкілдің өкілеттігін және жеке басын растайтын құжат (қажет болған жағдайда);
- заңды тұлғаның ағымдағы есеп айырысу шоты бар туралы банк анықтамасы;
- 50 АЕК көлемінде кепілдік жарнаның аударылғанын растайтын төлем құжаты.
Мүлікті жалға беру электронды сауданы өткізу Регаламентімен мемлекеттік мүлік реестірінің веб-порталында төмендегі сілтеме бойынша танысуға болады.
Конкурс өткізу бойынша және өтініш қабылдау бойынша «Astana» ӘКК» АҚ хабарласыңыз: тел. 8(7172) 61-35-54, мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Сарыарка ауданы, Ә. Мамбетов көшесі, 24., каб: 503 (қызмет көрсету уақыты сағат 9:00-ден 18:30-ге дейін)
Электронды порталдың техникалық қолдау телефондары: 55-29-81 (ішкі нөмір: 110, 112, 119).
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz