2801

Нұр-Сұлтан студенттері ҚР колледждерінің 100 үздік студенті қатарына енді

Мемлекет басшысының жастар жылы аясында «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының негізгі бағыттарын, «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын, сондай-ақ бірқатар мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру аясында жастардың қоғамдағы әлеуметтік рөлін арттыру мақсатында 2019 жылдан бастап «ҚР колледждерінің ТОП-100 студенті» жобасы іске асырылуда.

Жоба техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының білім алушыларын құзыреттілікті арттыруға және көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыруға ұмтылуға ынталандыру мақсатында колледждердің үздік студенттерін тануға, көтермелеуге және ілгерілетуге бағытталған.

Жоба 3 кезеңнен тұрады: колледж, аймақ және республика деңгейінде студенттерді іріктеу.

Студенттерді іріктеу келесі критерийлер бойынша жүргізілді: студенттік өзін-өзі басқару және еріктілер қозғалысының көшбасшысы;
WorldSkills аймақтық, Ұлттық чемпионаттарының және басқа да кәсіби шеберлік конкурстарының жеңімпазы;

ғылыми конференциялардың қатысушысы немесе олимпиадалардың, түрлі конкурстардың, спорттық жарыстардың жеңімпазы;

шығармашылық ұжымдардың өкілі;

мемлекеттік жастар саясатын іске асыру шеңберінде жұмыс істейтін бағдарламалар мен қызмет бағыттарының белсенді қатысушысы.

Нәтижесінде 30 студент, қалалық деңгейдегі жеңімпаздар республикалық жобаға қатысты.

Республикалық кезеңде Нұр-Сұлтан қаласының алты студент (Клименко Алина, Айтуған Мөлдір, Ильясова Индира, Жақыпбек Райымбек, Жакенова Меруерт, Құрманаева Әсел) жеңімпаз атанып, «ҚР колледждерінің ТОП-100 студенті» құрамына енді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109