970

ҚР Еңбек сіңірген сәулетшісі: «Астананы көшіру тарихты түбегейлі өзгертті»

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай жаңа елордадағы алғашқы күндер туралы шағын хабарлар сериясы басталды. Еліміздің бас қаласын қалыптастыру мен дамытуға қатысушылар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қабылдаған тарихи шешім туралы әңгімелейді.

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген сәулетшісі Серік Рустамбеков 1996 жылы «Ақ Орда» ПСК дизайнерлік компаниясын ашып, елорданың бас жоспарының дизайнері болды.

«Жаңа астанаға жаңа бас жоспар қажет болды. Алғашқы кезеңді біз бастапқы деректерді, өте үлкен көлемдегі ақпаратты жинаудан бастадық. Содан кейін алғашқы магистральдарды тарта бастадық. Ол кезде жаңа әкімшілік іскерлік орталық Сол жағалауда болатын», - деп бөліседі сарапшы.

Серік Рустамбеков елорданың архитектуралық келбетін жасауға үлес қосты: жаңа алаң, Есіл өзенінің жағалауы, «Аквапарк», «Самал» ТК, «Еуропа-Палас» мейрамханасы, ЦУМ ғимараты. Оның эскиздері бойынша Ақмола облысында саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған «АЛЖИР» мемориалдық кешені бой көтерді.

«Біз жеке нысандармен, әкімдік алдындағы аумақты абаттандырумен, ғимараттарды қайта жарақтандырумен айналыстық. Мысалы, бұрынғы «Мәскеу» қонақ үйі Сыртқы істер министрлігіне айналдырылды, парламент жанындағы жобалау институтының бұрынғы ғимараты, облыстық әкімдік ғимараты үкімет үйіне айналды. Енді барлық ғимараттар Сол жағалауға қарайды, үкіметтік ось пайда болды, онда негізгі мемлекеттік ғимараттар, негізгі көрнекті нысандар орналасқан: «Бәйтерек», «Хан Шатыр», «Ақ Орда» және т.б. Бұл ось мүлдем жаңа сапада дами береді. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні оның жаңа астана құру туралы арманы орындалды деп айта аламыз. Шынында да, Нұр-Сұлтан - бүкіл республиканың мақтанышы. Менің ойымша, бұл оқиға Қазақстан тарихын күрт өзгертті және мәңгі есте қалады», - деп атап өтті Серік Рустамбеков.

1999 жылы «Барыс» ХК құрылды, ол қазақстандық командалардың арасында бірінші болып Құрлықтық хоккей лигасына шықты. «Барыс» ХК президенті Борис Иванищев қазақстандық хоккей үшін маңызды оқиғаларды еске алады.

«2001 жылы мен «Барыс» ХК-да да ойнадым және ҚР Тұңғыш Президенті мұз айдынын ашып, матчқа қатысты. Бізде біраз толқулар болды, біз трибуналардың алдында ойнадық. Бірақ жанкүйерлердің қолдауымен бірінші голды соға алдық. Біз бұл бірінші матчта жеңіске жеттік. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің арқасында әдемі сарай салынды, ол шынымен де ең жақсы болды. Жас клуб жас қаламен бірге өсіп, дамып келеді», - деді Борис Иванищев.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109