Нұр-Сұлтанда ҚР Конституциясының 25 жылдығына арналған және «Халық алғысы» төсбелгілері табысталды
Елорда әкімі Алтай Көлгінов Тұңғыш Президент күні қарсаңында ҚР Конституциясының 25 жылдығы және «Халық алғысы» төсбелгілерін табыстады. Бұл туралы қала әкімі өз инстаграм парақшасында жазды.
«Жас елордамызды қалыптастырған - түрлі мамандықтарды игерген мыңдаған адам. Олардың ішінде құрылысшы да, мұғалім де, дәрігер де, құқық қорғаушы да, бәрі де бар. Әрқайсы қаланың дамуына үлес қосты және қосып келеді. Тұңғыш Президент күні қарсаңында ҚР Конституциясының 25 жылдығы және «Халық алғысы» төсбелгілерін табыстадық.
Марапатталғандардың ішінде еңбек ардагерлері, сәулетшілер, құрылысшылар бар. Қалалық балалар ауруханасының бас дәрігері Надежда Петухова осы мекемені 1997 жылдан басқарып келеді. Сол жылы елорданың өмірінің жаңа кезеңі басталып, барлық күш-жігерді барған сайын көбейіп бара жатқан тұрғындарға көмекке жұмылдыру керек болған.
Сонымен бірге, биыл азық-түлік, дәрі-дәрмек, медициналық маскаларды таратуға; санитарлық талаптарды қадағалау рейдтеріне қатысып, індетпен күрес жөнінде ақпар таратуға көмектескен еріктілер де мемлекеттік наградалармен марапатталды», – деп жазды Алтай Көлгінов.
Фото: Александр Куприенко
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz