888

Халықаралық білім беру форумы Астанада өтеді

Қазақстан астанасында сәуір айында Бірінші Халықаралық білім форумы мен білімнің технологиялық көрмесі және «WORLDDIDAC Astana 2013» кәсіптік дайындығы өтеді.

Қазақстан астанасында сәуір айында Бірінші Халықаралық білім форумы мен білімнің технологиялық көрмесі және «WORLDDIDAC Astana 2013» кәсіптік дайындығы өтеді. Бұл туралы astana.kz сайтына «Болашақ» халықаралық бағдарламасы орталығының баспасөз қызметі мәлім етті.

Іс-шараны Білім және ғылым министрлігі мен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ және Worlddidac халықаралық қауымдастығы ұйымдастырған.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, іс-шара халықаралық білім беру мәселесін дамытуда қазіргі заманғы тенденцияны талқылау үшін бірегей алаң құру және инновация, ғылым, технологиялар саласында өзекті жайттарды қазақстандық және шетелдік сарапшылардың, білім беру мекемелері өкілдерінің назарына ұсыну мақсатын көздейді.  

Форум мен көрме бағдарламасында көрінекті мамандар мен білім беру жүйесінің сарапшылары қатысатын семинарлар, шеберлік-дәрістері, ақпараттық сессиялар, тренингтер, ашық сабақтар өткізу қарастырылған.   

Сонымен қатар, форум аясында білім берудің инновациялық жобалары, ұзақтан оқыту және e-learning жүйесі, интерактивтік құралдар және мультимедиа саласындағы халықаралық және отандық компаниялардың оқыту жабдықтары таныстырылады.

Ұйымдастырушылардың пікірінше, кәсіби тұғырнама отандық және әлемдік білім беретін ұйымдарға білім берудің үздік дәстүрлерін инновациялық жобалармен және бағдарламалармен жүйелендіруге, халықаралық серіктестікті нығайтуға мүмкіндік береді.

Іс-шарада бағдарламалық өнімдерді, ақпараттық технологиялар саласындағы шешімдерді әзірлеуге мамандандырылған әлемдік компаниялардың өкілдері, сауда-өнеркәсіп палатасының, елшіліктердің, отандық өндірушілер мен оқу жабдықтарымен жабдықтаушылардың өкілдері, барлық деңгейдегі білім беру басқармалары мен бөлімдерінің басшылары, мемлекеттік құрылымдардың жұмысшылары қатысады деп жоспарланған.

Іс-шара 2013 жылдың 9-11 сәуірі аралығында «Көрме» көрме орталығында өтеді.

«WORLDDIDAC» білім беруге және кәсіби дайындыққа арналған технологияларды, заманауи оқу құралдарын және дидактикалық материалдарды таныстыратын әлемдік халықаралық қауымдастық болып саналады.


Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109