1431

Назарбаев Зияткерлік мектебіне іріктеу байқауының жаңа шарттары енгізіледі

Назарбаев Зияткерлік мектебі 7 сынып оқушыларын іріктеу байқауының жаңа жүйесін енгізуде. Енді осы аталған білім мекемесінде үміткерлерге ең жоғары талаптар қойылуда.

Назарбаев Зияткерлік мектебі 7 сынып оқушыларын іріктеу байқауының жаңа жүйесін енгізуде. Енді осы аталған білім мекемесінде үміткерлерге ең жоғары талаптар қойылуда. Бұл туралы «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ААҚ Педагогикалық өлшемдер орталығы директорының орынбасары Жәмила Есанова мәлім етті.  

«Біз қазіргі іріктеу талаптарына талдау жасап, оны АҚШ, Ұлыбритания, Австралия, Нидерланды мемлекеттерінің халықаралық тәжірибесімен салыстырдық. Сонымен бірге стратегиялық әріптестер – Сито педагогикалық өлшемдер (Нидерланды) институты және Джонс Хопкинс СТУ университетінің  (АҚШ)  талантты жастар орталығымен бірге Зияткерлік мектептің 7 сынып оқушылары үшін іріктеу байқауы жүйесі әзірленді», - деді Орталық директоры.

Жаңа байқау жүйесінің ерекшелігі бірнеше. Енді байқау 2 күн ішінде өтеді. Бірінші күні оқушылар (математика мен қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілінен) пәндік тест тапсырады. Екінші күні – «Сандық сипаттамалар» және «Кеңестікте ойлау» екі тарауынан тұратын пәннің ерекшелік тестін тапсырады.

Сондай-ақ, тесттің мазмұны да өзгереді.  Тұтастай алғанда, әрбір пәннің саны өсіп, тестілеу уақыты да ұлғаяды. Егер бұрынғы жүйеде әрбір пәнге 15 сұрақ бөлінген болса, жаңасында ол – математикадан 40 сұрақ және тілден 20 – сұрақ. Уақыт бойынша тест математикаға 60 минут, тілге 40 минут  бөлінген. Жалпы пән тестісіне  бөлінетін уақыт 180 минутты құрайды. Сәйкестенген 139 сұраққа дәл 79 минут беріледі. Бұл уақыт CTY сарапшылары негіздеген тәжірибе жасау жолымен ғылми түрде орнықтырылды.

  Сұрақтар да өзгерді. Оларда түрлі өмірлі жағдайлар, диаграммалар, кестелер, суреттер пайдаланылады. Тіл жөніндегі сұрақтар тестпен жұмыс істеу арқылы граматикалық ережелерді тексеруге емес, тілдің құнарлылығын тексеруге бағытталған. «Сандық мінездемелер» мен «Кеңестіктік ойлау» тест сұрақтарында ой қисынын бағалауға бағытталып, сандармен жұмыс істеу, ойша үш деңгейлі нысандарды жүйелеу мүмкіндіктері, мектеп оқушылары үшін маңызды нақты-математикалық бағыттағы көргенін есте сақтау  ескерілген.

Осылардың барлығымен бірге, грант байқауына қатысу үшін ең төменгі талаптар мен грант беру ережесі де өзгереді. Егер қазіргі жүйеде грантқа қатысу үшін ең үлкен мүмкін болатын баллдан әр пән бойынша 30 және одан да көп % жинау қажет болса, жаңа жүйеде математикадан 35% және одан да жоғары, ал «Сандық мінездемелер» тесті бойынша  -  40 %  және одан да жоғары жинау қажет болады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109