1272

Бейнебаян: Полиция болғысы келетін шәкірттерге жол ашық

Көктемгі демалыстан кейін мектеп оқушылары оқу жылының соңғы тоқсанын бастады. Енді бір-екі айда төменгі сынып оқушылары үш айлық демалысқа шығады.

Көктемгі демалыстан кейін мектеп оқушылары оқу жылының соңғы тоқсанын бастады. Енді бір-екі айда төменгі сынып оқушылары үш айлық демалысқа шығады. Ал, жоғары сынып шәкірттерінің көтерер жүгі ауыр. Білім алған алтын ұясынан түлеп ұшып, үлкен өмір жолына аяқ басады. Биыл Астанада 3809 оқушы мектеп бітіреді. Осыған орай Астана қаласы Білім басқармасында Астана қаласы ІІД қызметкерінің қатысуымен онлайн лекция өтті. Шараға қаладағы барлық мектеп бітірушілер мен колледж түлектері қатысып, ҚР ІІМ-ге қарасты ЖОО-да білім алу жөнінде кеңінен мәлімет алды.

Светлана Бекмұхамедова, Астана қаласы ІІД Кадрлар басқармасының аға инспекторы, полиция капитаны:

Қазіргі уақытта ҚР ІІМ-нің ведомствалық оқу орындарына оқуға түсетіндерді жинақтау жүргізілуде. Осыған орай Астана қаласындағы мектеп түлектері мен колледж бітірушілерді білім алуға шақырамыз. Бүгінде  мұндай оқу орындарының қатарында ҚР ІІМ Алматы академиясы, ҚР ІІМ Қарағанды академиясы, ҚР ІІМ Қостанай академиясы және Петропавл қаласында орналасқан ҚР ІІМ Ішкі әскердің әскери институты бар.

Бұл онлайн-лекция алғаш  рет ұйымдастырылып отыр. Оқушыларға әскери қызметтің қыр-сыры, оқуға түсу мүмкіндіктері түсіндірілгеннен кейін, арнайы бейнебаян ұсынылды. Сабақ соңында оқушылар ІІД қызметкерлеріне сұрақтар қойып, қалаған сауалдарына жауап алды. Айта кету керек, аталған ЖОО-ға түсу үшін медициналық тексерістен өту, физикалық дайындықтың болуы және ҰБТ-де 50 балдан кем жинамау керек. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109