1629

Астанада Назарбаев Зияткерлік мектебіне 264 бала қабылданды

Республикалық комиссия Қазақстанның Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7 сыныбына оқушыларды іріктеу байқауының қорытындысын шығарды.

Республикалық комиссия Қазақстанның Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7 сыныбына оқушыларды іріктеу байқауының қорытындысын шығарды.  Осы беделді оқу орнының тәрбиленушісі атану үшін 3 мыңға тарта  оқушы бақ сынады. Бұл туралы astana.kz сайтына Астана қаласының «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ААҚ баспасөз қызметі мәлім етті.

Іріктеу Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі мен Астана, Көкшетау, Семей, Талдықорған, Орал қаласындағы физико-математика бағытындағы және Өскемен қаласындағы химия-биологиялық бағыттағы  Назарбаев Зияткерлік мектептерінде жүзеге асырылды. 

«Байқауға қатысу мен Қазақстан Республикасы Президентінің «Өркен» білім грантын алу үшін барлығы 2 927 өтінім қабылданды. Өту баллын байқаудың қорытындысы бойынша барлық балалардың жартысына тартасы (1 531) жинады. Республикалық комиссияның шешімі бойынша 773 оқушы грантқа ие болып, 792 үміткер  қосымша тізімге енгізілді», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, 144 бала Астана қаласындағы  физико-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне және 120 бала Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне қабылданды. Олар алдағы уақытта Халықаралық Бакалавриат бағдарламасын меңгеруді жоспарлауда. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109