1450

Астанада жыл соңына дейін 7 балабақшаның құрылысын бастау жоспарлануда

Астана қарқынды дамып келе жатқан қала. Жыл сайын елорда халқы ондаған мың адамға өсіп отырады. Соған сәйкес халықтың мектеп пен балабақшаларына, басқа да әлеуметтік маңызды нысандарға қажеттілігі өсуде.

Астана қарқынды дамып келе жатқан қала. Жыл сайын елорда халқы ондаған мың адамға өсіп отырады. Соған сәйкес халықтың мектеп пен балабақшаларға, басқа да әлеуметтік маңызды нысандарға қажеттілігі өсуде.  

Бүгінгі күні қалада балабақша кезегінде 70 мыңға тарта бала тұр. Осыған байланысты қала әкімдігі мектепке дейінгі мекемелер құрылысын салып, бұрынғыларын кеңейту мақсатында ауқымды жұмыстар жүргізуде.  

2013 жылдың басынан бері елордада 480 орындық 2 балабақша құрылысы басталды. Биылғы жылы тағы да 1540 орындық 7 балабақша тұрғызу жоспарлануда. Сонымен қатар Күйгенжар ауылында бұрынғы мектептің ғимаратын 100 орындық балабақшаға ыңғайлап, жаңарту ұйғарылған. Бұл туралы  astana.kz сайтына Астана қаласының Білім басқармасынан мәлім етті. 

Бұдан бөлек, ведомствоның ақпараты бойынша, қалада 1920 орындық 8 балабақша құрылысы жалғасуда.  

Биылғы жылы Есіл ауданында Алматы, Ақмешіт көшелерінің қиылысында, Сауран мен №24 көшеде және Сығанақ пен Орынбор және №36 көшелер қиылысында  960 орындық 4 балабақша салыну үстінде.  

Алматы ауданында да биылғы жылы 520 орындық екі балабақша Интернациональный кентіндегі Дауылпаз-Ақыртас көшелерінде аяқталуы жоспарланған.   

Сондай-ақ, биылғы жылы 440 орындық тағы 2 балабақша құрылысын Сарыарқа ауданының Сейфуллин көшесі мен Көктал-2 тұрғын үй алабында аяқтау көзделген.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109