1419

Астанада талантты педагогтар мен үздік оқушылар таңдалды.

Елородада «Талантты ұстаз – дарынды балалар» қалалық байқауы өтті. Бұл туралы astana.kz сайтына «Астана дарыны» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығынан мәлім етті.

Елородада «Талантты ұстаз – дарынды балалар» қалалық байқауы өтті. Бұл туралы  astana.kz сайтына «Астана дарыны» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығынан мәлім етті.

Қалалық педагогикалық олимпиада екі кезеңнен тұрды. Бірінші -  іріктеу туры. Байқауға қатысу үшін елорданың 39 орта мектебінің жас педагогтарынан 48, мектеп командасынан 30 өтінім түсті. Іріктеу кезеңінде мұғалімдер де, оқушылар да өздерінің кәсіптерімен байланысты шығармашылық эссе жазуы қажет болды. Қорытындысында қалалық олимпиадаға 20 мұғалім мен 13 оқушы командасы жіберілді.   

Олимпиаданың екінші кезеңінде жас ұстаздар шығармашылық нөмір мен өздерінің қабілет-дағдыларын, атап айтқанда, «ашық сабақ» немесе «тәрбие сағатын» өткізіп, күрделі педагогикалық жағдайдан шығуы керек болды.  Оқушылар екінші турда өз командаларын таныстырып, мектеп өмірінен шағын сахналық эпизод көрсетіп, капитандар байқауына өтуі қажет. 

Қалалық байқау қорытындысында 9 үздік педагог таңдалды:

І орынды Бөкейхан Еркінжан (№70 МЛ) және Құсайынова Евгения Николаевна (ЭЛ) алды. ІІ орын Қасенов Асхат Нұрланұлы («Зерде» ДБМ), Смайлова Еркеназ Ерсатқызы (№56 МЛ) мен Тоқымбаева Айгүл Асылханқызына (№38 МЛ) бұйырды. ІІІ орынға Тоқтағазы Елдос Әуелбекұлы (№48 МЛ), Куанышбаева Сәлима Батырбайқызы (№52 МЛ), Иманбаева Гүлмира Аманқызы (№67 МГ) және Оразымбетова Эльмира Пердебекқызы (№36 ОМ) ие болды.

Сонымен қатар, 11 мектеп командасы жүлделі орындарды иеленді. Байқауда үздік болып танылған елорда мектебі командалары: «Зерде» ДБМ және № 38 МЛ, ІІ орын 70 МЛ, 15 МЛ және 60 МЛ үлесіне тиді. Ал ІІІ орынға 6 команда ие болды. Олар:  №50 МЛ, №6 МГ,№4 МГ, №35 МЛ, №30 МГ, №36 ОМ командалары.

«Астана дарыны» РҒТО astana.kz сайтына хабарлағанындай, «Талантты ұстаз – дарынды балалар» қалалық байқауы жеңімпаздары мен жүлдегерлері енді 2013 жылдың 3 мен 5 аралығында Алматы қаласындағы «Алаутау» санаторийінде өтетін республикалық педагогикалық олимпиадада елорданың намысын қорғайтын болады. Ең таланты ұстаздар мен оқушыларды құрамына атақты ғалымдар мен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессорлары кіретін беделді сараптау комиссиясы таңдайды. Олимпиада барысында қатысушылар тек үздік атағы үшін бақ сынасып қана қоймайды, кәсіби тәжірибелерімен де бөліседі.  

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109