626

Мектеп психологтерінің үздіктері таңдалды

Елордада «Үздік мектеп психологы» қалалық байқауы өтті.

Елордада  «Үздік мектеп психологы» қалалық байқауы өтті. 

Байқауды өткізудегі мақсат кәсіптік шеберлікті жетілдіріп, психологтардың шығармашылық әлеуетін толық жүзеге асыру, психологиялық білім беру қызметін дамытып, білімнің міндетті құрамдас бөлігі ретінде психологияны насихаттау болып табылады. 

Шығармашылық жарысты «Астана дарыны» Республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығы мен Астана қаласының Білім басқармасы ұйымдастырды.

Аstana.kz сайтына «Астана дарыны» Республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығынан хабарлағанындай. Байқау екі кезеңде өтті. Оған қатысу үшін Астананың 20 білім мекемесінен 21 өтінім түскен.   

Бірінші іріктеу туры – онда кәсіптік тақырыпқа шығармашылық эссе жазылды. Қалалық байқаудың финалына іріктеуден өткен  15 психолог жіберілді.  

Олимпиаданың екінші турында қатысушылар түрлі тренингтер мен шығармашылық байқауларда бақ сынады.

Қалалық байқаудың қорытындысында келесі  педагог-психологтар жүлделі орынды  иеленді:

I кезең – 3 жылға дейін жұмыс өтілі бар психологтар: І орын - Акулова Ғайни Анарханқызы (№15 МЛ); ІІ орын - Кайрис Александра Сергеевна, №6 Г; ІІІ орын - Ермаханова Назгүл Тұрахметқызы (№50 МЛ) және Ахтаева Гүлден Имашқызы (№4 МГ).

II кезең - 3-7 жылға дейін жұмыс өтілі бар психологтар: І орын - Исаева Манура Нұрланқызы (№65 МГ); ІІ орын - Мякушко Галина Константиновна (№30 МГ); Фазылова Дариға Хамзақызы (№58 МГ); ІІІ орын - Тасанова Айгүл Тынышқызы (№70 МЛ).

III кезең - 7 жылдан жоғары жұмыс өтілі бар психологтар: І орын - Абрамова Ольга Александровна (№32 МГ); ІІ орын - Оспанова Айгүл Мерғалиқызы (№7 МГ); ІІІ орын - Әмірханова Алма Шаханқызы(№56 МЛ).

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер республикалық «Үздік мектеп психологы» байқауында қаланың намысын қорғайтын болады.  

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109