1396

Бейнебаян: Елордада балабақша мұқтаждығы азайып келеді

Мектепке дейінгі балаларды тәрбие және біліммен қамтамасыз ету мақсатында 2010-2014 жылдарға арналған «Балапан» атты мемлекеттік бағдарлама жасалған еді.

Мектепке дейінгі балаларды тәрбие және біліммен қамтамасыз ету мақсатында 2010-2014 жылдарға арналған «Балапан» атты мемлекеттік бағдарлама жасалған еді. Соның аясында еліміздің түкпір-түкпірінде балабақшалар бой көтеруде. Жақында қала іргесіндегі Пригородный кентінде жаңа нысан ашылды.

Бақыт Майлыбаева, №68 «Балбұлақ» балабақшасының меңгерушісі:

Бұл балабақша қазіргі заман талабына сай барлық құрал-жабдықпен жабдықталған. Екінші қабатта музыкалық зал бар. Сондай-ақ, үлкен спорт зал, интерактивті зал бар. Қала сыртында осындай балабақшаның ашылуы өте қуанышты жайт.

Екі қабатты бұл нысан 280 балаға шақталған. Әзірге мұнда 230 бала тәрбиеленуде. Ғимаратта асхана, акт залы, жатын, ойын бөлмелері, дәрігерлік кабинет орналасқан. Алдағы уақытта би, спорт үйірмелерін ашып, логопедпен жұмыс істеу жоспарланған. Межелеген уақытынан бұрын тапсырылған мекемеде 75 адам қызмет етеді. 

Гүлмира Исина, №68 «Балбұлақ» балабақшасының тәрбиешісі:

2010 жылы туған балаларға арналған 6 сәби тобы, 2007 жылғы  балаларға арналған 1 даярлық тобы ашылады. Бүгінде біз балаларды 2 сағаттық бейімдеу уақытына қабылдаудамыз. Ата-аналардың сұрауы бойынша 3 орыс тобы ашылады деп күтілуде. Негізінен қазақ балабақшасы болғандықтан, тәрбиешілер жаңа әдістемелік негізде ұлтымыздың әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін үйретеді. 

Айта кетейік, балабақшада күзет күшейтіліп, ішкі бөлмелер мен сыртқы ауласына бейнекамералар орнатылған. Бұл бала қауіпсіздігін бақылап, ата-аналардың уайымының сейілуіне мүмкіндік береді.

Мәлика Шериева, ата-ана:

Балам осы балабақшаға келеді. Ол өте қуанышты. Өйткені балабақша өте сапалы, жақсы салынған. Алаңдамай, еркін қалдырып кете беремін. Балалар бір-бірімен ойнап, осы бастан азамат болып қалыптасуының кірпіші қаланады деп білемін. 

Рысты Мысықбаева, ата-ана:

Балаларымыздың өсіп, өніп келешекте үлкен азамат болуына тілектеспін. Олар келешегі зор мемлекетте бақытты да дәулетті ғұмыр кешсе деймін. Бұған үйдегі ата-әжелеріміздің ықпалы зор. Әсіресе, ата-аналары жұмыста болғанда немерелеріміздің тәрбиесі біздің мойнымызда. Немерелеріме ертегі, жұмбақ, тақпақ айтып, ұлттық тәрбиені бойларына сіңіріп жатырмын. 

Астанада жыл басынан бері 480 орындық 2 балабақша құрылысы басталды. Тағы 8 балабақшаның құрылысы жалғасуда. Одан кейін 1540 орындық  7 балабақшаның кірпіші қаланады деп жоспарлануда. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109