1418

Қалалық V «Бастау» математикалық турнирінің жеңімпаздары айқындалды

Республикалық «Бастау» математикалық турнирінде Астана қаласының намысын экономикалық лицей мен №54 мектеп-лицейі қорғайтын болады.

Республикалық «Бастау» математикалық турнирінде Астана қаласының намысын экономикалық лицей мен  №54 мектеп-лицейі қорғайтын болады.   Астанада кіші сыныптағы мектеп оқушылары үшін қалалық V «Бастау» математикалық турнирінің қорытындысы шығарылды.  

Өткен демалыс күндері №54 мектеп-лицейі базасында «Астана дарыны» Аймақтық ғылыми-тәжірибелік орталығы ұйымдастырған қалалық  «Бастау» математикалық турнирінің ІІ туры өткізілді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, ІІ турға сырттай турдан өткен мектептер қатысты. Ереже бойынша ІІ тур қазақ және орыс тілдерінде өтті. 

Мемлекеттік тілдегі байқауға қазақ мектептерінен 15 команда қатысты.   «Гран-при» иесі 60 балл жинаған №54 МЛ атанды. І орын 55 балл жинаған №66 МЛ, №52 МЛ,  №70 МЛ үлесіне тиді. ІІ екінші орын 50-49 балл – №38 МЛ, №64 МЛ, №51 МГ иеленсе, ІІІ орынға – 47-46 балл жинаған №56 МЛ, №48 МЛ, №40 ОМ, №2 МЛ, №69 МГ шықты. 44 баллдан төмен жинаған командалар грамоталармен марапатталды. 

Орыс тілді мектептерден 11 команда қатысты. Олардың ішінде  «Гран-при» 60 балл жинаған экономикалық лицейге бұйырды. ІІ орын – 52 баллмен Үздіксіз білім беретін Халықаралық колледждің, ІІІ орын 51-48 баллмен  – №60 МЛ, №1 МЛ, №62 МЛ қанжығасында. 47 баллдан төмен жинаған командалар  грамоталармен марапатталды. 

 «Гран-при» иелері -№54 мектеп-лицей мен экономикалық лицей Республикалық «Бастау» математикалық турнирінде қатысуға жолдама алды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109