1341

Елорданың балалар психологтары дарынды тәрбиеленушілермен жұмыс істеуді үйренеді

Бүгін елордада «Зияткерлік қабілет түрлері: дарынды балалардың эмоционалдық ой-өрістерін дамыту» тақырыбында екі күндік республикалық семинар басталды.

Бүгін елордада  «Зияткерлік қабілет түрлері: дарынды балалардың эмоционалдық ой-өрістерін дамыту» тақырыбында екі күндік республикалық семинар басталды. Онда Астана қаласының білім мекемелерінен 100-ден астам психолог пен педагог қатысуда. Бұл туралы astana.kz сайтына «Астана-дарыны» республикалық ғылыми-тәжірбиелік орталығынан мәлім етті. .

Семинарға елорда мектептерінен 70 және балабақша мен қаланың арнаулы орта оқу орындарынан 30-ға тарта психолог қатысуда.  

Орталықтың мәліметі бойынша, семинардың өткізілу мақсаты – дарынды балалардың ой-өрісін дамытуда психологиялық қызметтің тиімділігін көтеріп, мектеп психологтарының кәсіптік деңгейлерін арттыру болып табылады. 

«ҰБТ жақындап келеді. Семинар барысында қатысушыларға оқушыларды қорытынды тестілеуге қалай дайындау керектігі айтылады. Біз Қазақстанға танымал психологтер мен мұғалімдерді шақырдық. Олар лекция, тәжірибелік сабақтар мен тренингтер өткізеді. Олардың қатарында  Әл-Фараби атындағы ҚазМУ-дің доценті, психология ғылымдарының кандидаты Майра Құнанбаева мен Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры Ане Тынышпаева бар», - деді astana.kz сайтына «Астана-дарыны» РҒТО директоры  Майра Құрманбаева.

Оның айтуынша, семинар №50 мектеп базасында өтуде. Қорытындысында барлық қатысушыларға республикалық дәрежедегі сертификаттар берілетін болады.  

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109