1265

Елордалық студенттер швецияның Гетеборг қаласында өткен математика конференциясына қатысты

Астананың студенттер командасы швецияның Гетеборг қаласында өтіп жатқан «Шығармашылық және ерте жастағы инновация» Еуропалық «EUROMATH 2013» математика конференциясына қатысты.

Астананың студенттер командасы швецияның Гетеборг қаласында өткен «Шығармашылық және ерте жастағы инновация»  Еуропалық «EUROMATH 2013» математика конференциясына қатысты. Бұл туралы astana.kz сайтына  «Астана-дарыны» РҒТО мәлім етті.

Конференцияны «Астана-дарыны» Республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығының қатысуымен (Қазақстан) Еуропаның математикалық қауымдастығы ұйымдастырды. Ол математика саласындағы көптеген тақырыптарды қамтыған бірнеше семинарлар мен сессиялардан тұрады.  

Орталықтың мәліметі бойынша, конференцияға әлемнің 19 елінен 510 студент қатысқан. Олардың қатарында: Қазақстан, Австрия, Болгария, Хорватия, Италия, Кипр, Индонезия, Иран, Испания, БАӘ, Уганда және басқа мемлекеттер бар.

Қатысушылар шығармашылық ахуалда Еуропа математика қоғамының Президенті Марта Санз-Соле, Кипрдің математика қоғамының  Президенті Григорий Маркидес, Болгарияның математика одағының мүшесі Сава Гроздев сияқты Еуропаның көрнекті математиктерімен; Еуропа университеттерінің өкілдері: Ерхардом Макридесом (Берлин университеті, Германия),  Майклом Ламбру (Крит университеті, Греция), Лаурой Файнсилбермен (Чалмерс техникалық университеті мен Гетеборг университеті) қоян-қолтық жұмыс істеген.

Конференцияда Қазақстан астанасының намысын 15 студент қорғады.

Дарынды қыздар қазақ-түрік лицейінің тәрбиеленушісі Дана Жақыпова өз әсерімен былай бөлісті:  «Қала туралы да, конференция туралы да алған әсерім өте жақсы.  Гетеборг көлемі жағынан Швецияның екінші қаласы. Ол студенттер шаһары болып саналады. Өйткені онда Чалмерс Технологиялық университеті мен Гетеборг университеті орналасқан. Біз үшін қаланың көрікті және тарихи  жерлерін аралатқан өте қызықты экскурсия ұйымдастырылды».

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109