1148

Астананың жас техниктерінің үздіктері таңдалады

Отан қорғаушылар күні қарсаңында елордада оқушылар арасында «Жас әскери техник» қалалық техникалық шағармашылық көрмесі өтеді.

Отан қорғаушылар күні қарсаңында елордада оқушылар арасында  «Жас әскери техник» қалалық техникалық шығармашылық көрмесі өтеді.

Астана қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің қолдауымен қалалық Білім басқармасы ұйымдастырған іс-шара  3 мамыр күні №10 мектеп-гимназияда өтеді.  

 Көрмеге 5-11 сынып оқушылары қатысады. Жұмыс мынандай: «қазіргі және ҰОС кезіндегі әскери техниканың үлгілері», «зымыран кешендері мен артиллериялық қарулану үлгілері», «майдан және армия авиациясы үлгілері», «кемелер мен әуетасығыштар үлгілері», «әскери бөлімнің үлгісі», «қазіргі атқыштар қаруы мен ҰОС уақытындағы қарулар» бірнеше бағыты бойынша қабылданып, қойылады.

Шарт бойынша, әрбір орындалған жұмысқа қатысушылар ауызша талаптар әзірлеуі қажет.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жұмыс бірінеше критерийлер бойынша бағаланады. Атап айтқанда: жұмыстың шынайлығы мен жаңашылдығы, шығармашылық әлеуеттің деңгейі, техникалық шешім, маңызды, мақсатты операцияларды орындау, тиімділік пен өнертапқыштық. Сондай-ақ, авторлық стильге де аса назар аударылады. 

Балалардың жұмысын құрамына әскери бөлімдердің, Қорғаныс департаментінің қызметкерлері мен техникалық жоғары оқу орындарының оқытушылары кірген қазылар алқасы бағалайды. 

Барлық қатысушылар сертификаттар алып, жеңімпаздар аталымдар бойынша дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталатын болады.  

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109