1081

«IT-Планета 2012-2013» ұлттық олимпиадасына елдің 90 ЖОО-нан қатысушылар келді

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде 26-27 сәуір күндері еліміздің таланты да заманауи жастары бас қосып, IT индустрия саласындағы жаңалықтарды талқылайтын болады.

Қазақстан астанасында «IT-Планета 2012-2013» Ұлттық олимпиадасының финалы өтуде. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде 26-27 сәуір күндері  еліміздің талантты да заманауи жастары бас қосып, IT индустрия саласындағы  жаңалықтарды талқылайтын болады.

 2010 жылдан бастап ТМД елдерінде ақпараттық технология саласында жоғары және орта кәсіптік білім беру мекемелерінің студенттері үшін халықаралық олимпиада өткізіліп келеді.  

 «IT Планета» жобасы  - бұл ТМД жастарының кәсіптік дамуына ықпал етуге бағытталған ақпараттық технологиялар саласындағы халықаралық студенттер олимпиадасы. Жоба аумағына Қазақстан, Ресей, Украина, Беларусь және Өзбекстан мемлекеттері кіреді»,- деп хабарлайды astana.kz ЕҰУ баспасөз қызметі.  

Олимпиаданың негізгі міндеттері талантты студенттердің IT мен ICT саласында кәсіптік білімдерін көтеру, IT-көшбасшылықты студенттер арасында насихаттау болып табылады. 

ЖОО баспасөз қызметінен хабарлағанындай, биылғы жылы Олимпиадаға қатысу үшін Қазақстан Республикасының 90-нан астам жоғары оқу орны мен колледждінен 1083-ден астам үміткер қатысты.  

 IT-Планета Халықаралық олимпиадасының ұлттық финалы 6 байқау бойынша өтеді. Финалдың жеңімпаздары мен жүлдегерлерінен өткізілуі Киев ұлттық мәдениет және өнер университетінде 31 мамырдан 4 маусымға дейін жоспарланып отырған халықаралық «IT-Планета 2012-2013» Олимпиадасына қатысу үшін  Қазақстан Республикасының құрама командасы жасақталады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109