Астанада «XXI ғасыр көшбасшысы» зияткерлік байқауының іріктеу туры өтеді
Әр апта сайын жексенбіде «Хабар» агенттігінің эфирінде жоғарғы сынып оқушылары үшін «XXI ғасыр көшбасшысы» зияткерлік шоуы өткізіледі.
Жобаның негізгі мақсаты талантты жастарды іздеп тауып, қолдау көрсету, олардың оқуға деген қызығушылықтарын қалыптастырып, ғылыми ізденістерін арттыру.
2013 жылдың 8-і мен 10 мамыры аралығында «XXI ғасыр көшбасшысы» бағдарламасының шығармашылық тобы Астана қаласының орыс мектебіндегі 9-10 сынып оқушылары арасында іріктеу тестін өткізеді. Бұл туралы astana.kz сайтына «Астана дарыны» ғылыми-тәжірибелік орталығынан мәлім етті.
Іріктеу тесті 8 және 10 мамырда №56 мектеп-лицей базасында өтеді.
9-шы сынып үшін - 2013 жылдың 8 мамырында. Тіркелу 9.00. Басталуы 10.00-де.
10-шы сынып үшін - 2013 жылдың 10 мамырында. Тіркелу 9.00-де. Басталуы 10.00-де.
Орталық тестілеуге өтінімді 2013 жылдың 6 мамырына дейін «Астана дарыны» РҒТО-ға факс бойынша 39-80-39 немесе astanadarуn@mail.ru электронды поштамен жіберу керектігін атап көрсетеді.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz