1083

Астаналық мектеп бітірушілер ҰБТ тапсыру жауапкершілігін жіті сезінуде

Оқу жылы аяқталып, соңғы қоңырау соғылар сәт таяп қалды. Бұл дегеніміз мектеп бітіруші түлектердің сын сағаты да алыс емес деген сөз.

Оқу жылы аяқталып, соңғы қоңырау соғылар сәт таяп қалды. Бұл дегеніміз мектеп бітіруші түлектердің сын сағаты да алыс емес деген сөз. Астанада биыл 3686 оқушы мектеп бітіреді. Соның ішінде 3292 оқушы ҰБТ қатысса, 379 оқушы өз мектептерінде емтихан тапсырады. Ал, 15 оқушы денсаулығына байланысты ҰБТ пен емтиханнан босатылған. Айта кету керек, биыл  елордада «Алтын белгіге» үміткер 141 оқушы бар.

Ботагөз Жүнісова, Астана қаласы, Білім басқармасы жалпы орта білім беру бөлімінің бастығы:

Биылғы тесте былтырғыдан айтарлықтай ерекшелік болмайды. Тек, тексеру аз болады. Оқушылар ай сайын Білім басқармасы берген тесті тапсырумен қатар университет базасында екі рет тестен өтті. Ал, «Алтын белгі» үміткерлері жеке пәндер бойынша қаланың ең үздік мұғалімдерінен қосымша сабақ алды.

Қаладағы №6 Юрий Гуров атындағы гимназияда 45 мектеп бітіруші бар. Гумантиарлық және математика пәні тереңдетіліп оқытылатын мектепте 4 оқушы «Алтын белгіге»  үміткер. Бүгінде болашаққа үлкен қадам жасағалы отырған оқушылар ҰБТ-ке барынша дайындалуда.

Татьяна Крылова, №6 Ю. Гуров атындағы гимназия директоры:

Қазір біз оқушыларды тест пәндері бойынша ғана дайындап қоймай, қосымша психологпен де жұмыс жүргізілуде. Өйткені,  кейбір оқушылар мұндай сәтте біліп тұрған сұрағына жауап бере алмай сасқалақтап қалуы мүмкін. Ал, «Алтын белгі»  иегерлерімен жұмыс өзгеше. Өйткені оны ақтап шығу үшін қажырлы еңбек керек. Сондықтан мұғалімдер оқушылармен мүмкіндігінше жұмыс істеуде.

Астаналық түлектер бірнеше жылдан бері тест тапсыруда еліміз бойынша жоғары көрсеткіштерге ие. Енді сол көрсеткіштен төмендемеу үшін бар мүмкіндік жасалуда.

Дмитрий Поздеев, №6 Ю. Гуров атындағы гимназияның биология пәнінің мұғалімі:

Биыл 5 оқушы қосымша пәнге биологияны таңдаған. Бүгінге дейін атқарылған жұмыс аз емес. Әлі де алар асу алда болған соң босаңсуға болмайды. Медицина, психология саласы бойынша маманданғысы келетін шәкірттерім жоғары балл жинайды деп сенемін.

Аталған мектептің түлегі – Полина Чаюк үздік оқушы. Алда Ресейде білім алып, маркетология саласында маманданғысы келеді. 11 жыл бойы озат оқыған оқушы енді «Алтын белгіні» иеленіп, мектеп қабырғасында алған білімін растауға мықтап кіріскен.

Полина Чаюк,№6 Ю. Гуров атындағы гимназиясының «Алтын белгі» үміткері:

Таңдау пәні ретінде ағылшын пәнін таңдадым. Өйткені бұл тілде еркін сөйлеймін, кішкентайымнан қызықтым. Қазір алдағы сынаққа мықтап дайындалып жатырмын. Мектеп бағдарламасынан бөлек қосымша дайындаламын. Ал, барлық мектеп бітірушілерге еш қобалжымай, тесті ойдағыдай тапсыруды тілеймін.

Айта кету керек, биыл астаналықтар 3, 5 және 7 маусымда ҰБТ тапсырудан өтеді. Тест тапсыру Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық  университетінде, С. Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехникалық университеті мен Қазақ гуманитарлық Заң университетінде жүргізіледі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109