1319

Ертең елорданың мектеп бітірушілеріне арналған мерекелік іс-шаралар өтеді

Ертең, 25 мамырда қаланың барлық 11-сынып оқушылары балалық шақпен қоштасып, жаңа өмір табылдырығын аттайды.

 Ертең, 25 мамырда қаланың барлық 11-сынып оқушылары балалық шақпен қоштасып, жаңа өмір табылдырығын аттайды. Бұл айтулы күні  қаланың түлектеріне арналып көптеген іс-шаралар ұйымдастырылмақ.

 Елордалық Білім басқармасынан astana.kz сайтына мәлім еткендей, 25 мамыр күні сағат 10.00-де 2012- 2013 оқу жылының аяқталуына арналып, қаланың 82 білім ошағында (70 мемлекеттік және 12 жеке меншік) салтанатты жиын өтеді. Іс-шараға қалалық  мәслихат депутаттары, қалалық әкімдік пен ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдері қатысады.

 Сонымен қатар, 25 мамыр күні сағат 12.00-ден 15.00-ге дейін Астананың үш алаңында қаланың мектеп түлектеріне арналып, мерекелік концерттік бағдарлама өткізу жоспарлануда. Басқарманың ақпаратына сәйкес, концерт қаржы Министрлігі алдындағы алаңда , «Орбита» шағын ауданында және «Ғашықтар» саябағында өтеді. Осы күні кешке сағат 18.00-де жаңа Оқушылар сарайында 200 халықаралық және республикалық олимпиада  жеңімпаздарының қатысуымен «Триумф» балы өтеді. Бал бағдарламасында жеңімпаздарды дайындаған ұстаздар марапатталып, құрметті қонақтардың құттықтауы мен концерт жоспарланған.  

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109