1189

Астана құрдастары «Туған елге тағзым» экспедициясына шығады

Астананың 15 жылдық мерейтойы қарсаңында тұңғыш рет табиғи-климаттық, тарихи-мәдени, ғылми-ағарту зертеулерін қаланың индустриялық ерекшеліктеріне байланысты Астананың 50 құрдасы жүргізеді.

2013 жылдың 1-і мен 10 шілдесі аралығында Астанада «Туған елге тағзым» атты өлкелік зерттеу экспедициясы өтеді. Астананың 15 жылдық мерейтойы қарсаңында тұңғыш рет табиғи-климаттық, тарихи-мәдени, ғылыми-ағарту зерттеулерін қаланың индустриялық ерекшеліктеріне байланысты Астананың 50 құрдасы жүргізеді. Олар -  Ақтөбе қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев зияткерлік мектебінің дарынды балалары. Бұл туралы astana.kz сайтына «Назарбаев зияткерлік мектебі» ААҚ баспасөз қызметі мәлім етті. 

Балаларды мектеп мұғалімдері мен медицина қызметкерлері ілесіп алып жүреді. 

Экспедиция бағдарына «Назарбаев Орталығы» ММ базасында ағарту, ғылыми зерттеу жұмыстары,  Ұлттық мұрағат, «Астана орманы», «Цесна» корпорациясы, «Родина» сүт зауыты, «Оң-Олжа»  ЖШС-ы, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, К.А.Ақышев атындағы архелогия ғылыми-зерттеу институты еніп отыр.

 Экспедиция кестесінде Бұзаулық және Батағай ежелгі қалаларының, Шұбар, Сарқырама, Күйгенжар, Көктал, Талдыкөл қорғандары мен обаларына және Күлтегін экспозициясына, Қабанбай батыр мен Бөгенбай батыр, Сәкен Сейфуллин мұражайларына, «Отырар» ғылыми кітапханасы қорына барып зерттеу жұмыстары енгізілген.  

Ғасырлар тылсымына үңіліп, зерттеулер жүргізу жас ізденушілерге «Алжир» саяси қуғын-сүргін құрбандары мен Долинка ауылындағы (Қарағанды облысы) қуғын-сүргін құрбандары ескерткіштері төңірегінде көптеген тың мәліметтер беруі мүмкін.    

Балалар Астана табиғаты мен Ақмола облысының флорасы мен фаунасына, өзендері мен көлдеріне саяхат жасайды. Қорғалжын қорығы мен Щучье – Бурабай демалыс орындарына барады.    

Сонымен қатар, мектеп оқушыларын Қазақ Елі монументі, Бәйтерек, Жәнібек пен Керей хандардың ескерткішіне, Тұңғыш Президент мұражайына, «Хазірет-Сұлтан» мешіті мен, «Хан-Шатыр» СОО-ға, Бейбітшілік пен келісім, Тәуелсіздік Сарайларына саяхат жасау қызықты мүмкіндіктері күтіп тұр.

2013 жылы «Туған елге тағзым» экспедициясына Талдықорған, Шымкент, Өскемен, Семей, Көкшетау, Орал, Ақтөбе, Қарағанды қалаларының он бір «Назарбаев зияткерлік мектебінің» оқушылары қатысады. 

«Сапардың ерекшелігі Зияткерлік мектептер арасындағы тәжірибе алмасу болып табылады.  Егер ақтөбеліктер Астанаға барса, қарағандылықтар Шымкентке, оралдықтар Өскеменге барады деген сияқты. Әр мектептен экспедицияға 48 оқушы мен 9 мұғалім қатысуда. Жалпы саны экспедицияға 528 оқушы, 99 мұғалім, 11 медицина қызметкері атанады»,- делінген мектептің баспасөз хабарламасында.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109