Бейнебаян: Заңсыз өнім тасымалдағандар құрықталады
Бұдан былай алкоголь және мұнай өнімдерін заңсыз
тасымалдағандардың жолы кесіледі. Нақтырақ айтсақ, Астана қаласы Салық
департаментінің акциздендірілген өнімдерге әкімшілік ету басқармасы мен Жол
полициясы басқармасы акциздендірілген алкоголь, мұнай және мұнай өнімдерінің
ілеспе жүк құжаттарына жоспардан тыс және тақырыптық тексеру жүргізді.
Бауыржан Әлбергенов, Астана қаласы Салық департаменті әкімшілік ету басқармасының бас маманы:
Біз автокөліктерді тоқтатып, жүк құжаттарын тексеруден өткізудеміз. Қазіргі уақытта мұнай өнімдерін тасымалдауға қажетті құжаттар қаралуда. Одан кейін алкогольді ішімдіктерге ілеспе құжаттар тексерілетін болады.
Наурыз айының 18-нен бері өнімдерді заңсыз тасымалдап, өткізбек болған 6 факті тіркелген. Олардың тағдыры толық тексеріліп, сотқа жіберілгеннен кейін белгілі болады.
Аян Қайырбек, Астана қаласы, Сарыарқа ауданы Салық басқармасы акциздерге әкімшілік ету бөлімінің бас маманы:
Қазіргі уақытта Астана қаласы Салық департаментімен алкоголь өнімдері және мұнай өнімдері айналымымен айналысатын заңды және жеке кәсіпкерлерге тексеру жүргізіліп жатыр. Бұл шаралар салық және мемлекеттік бюджетке заңды түрде көлеңкелі айналым болмас үшін өткізілді.
Рейд сәуір айының соңына дейін жалғасады. Одан кейін тұрғындардың арыз-шағымына қарай жоспарлы тексерулер жүргізілмек. Мұнда алкогольді ішімдіктерді қоғамдық орындарда заңсыз саудалағандар құрықталатын болады, - дейді, Астана қаласы, Сарыарқа ауданы Салық басқармасы акциздерге әкімшілік ету бөлімінің бас маманы Аян Қайырбек. Тауарды тасымалдауға рұқсат қағаз болмаған жағдайда тауар тәркіленіп, айыппұл салынатын болады.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz