1035

Бала қауіпсіздігі – басты назарда

Әр ата-ана дүниеге дені сау ұрпақ әкеліп, саналы, білімді, ар-намысын жоғары қоятын азаматты тәрбиелеуді мақсат етеді. Ал, мектепке барып, қоғамдық ортамен араласа бастағанда баланың теріс жолға түсіп кетпеуі үшін де сақтық шаралары мықтап қолға алынады.

Әр ата-ана дүниеге дені сау ұрпақ әкеліп, саналы, білімді, ар-намысын жоғары қоятын азаматты тәрбиелеуді мақсат етеді.  Ал, мектепке барып, қоғамдық ортамен араласа бастағанда баланың теріс жолға түсіп кетпеуі үшін де сақтық шаралары мықтап қолға алынады. Бұл бағытта үлкен жұмыстар жасалуда. Атап айтсақ, жыл басында Елбасы «Лаңкестікке қарсы іс-әрекет саласында ҚР кейбір заңнама актілеріне  өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойған болатын. Осыған байланысты бүгінде мектептер мен ғимараттарда күзет күшейтіліп, бейнебақылаулар  орнатылып, сақтық шаралары күшеюде.

Астана мектептері де бала қауіпсіздігін сақтауды бірінші орынға қояды. Мәселен, №54 мектеп-лицейіне «Болашақтың мектебі – бүгін» жобасы аясында турникеттер орнатылды. Бұл құрылғы оқушының жеке құжаты арқылы жұмыс істеп, мектепке кіріп-шыққандығы туралы ақпарат беріп отырады.

Алтынхан Әленова, №54 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі:

Әр баланың карточкасында әкесінің не анасының телефон нөмірі жазылған. Сол нөмірге бала мектепке келген кезде және мектептен шыққан кезде смс хабарлама жолданады. Бұрын балаларды ата-анасының көлігіне дейін шығарып салушы едік, турникет орнатылғалы ата-ана мен мұғалімдер арасында тығыз байланыс орнады. 

Турникеттен бөлек мектепке күзет күшейтіліп, бейнебақылау камералары қойылып, арнайы мектеп инспекторы жұмыс істейді. Ал, алдағы уақытта мектеп асханаларына да жаңа қондырғы орнату мәселесі жоспарланып отыр. Ол балалардың қолма-қол ақша жұмсамай, карточка арқылы есеп айырысуына ықпал етеді.

Шынар Рахлетова, ата-ана:

Бұл мектепте екі балам оқиды. Қазіргі кезде балалардың түрлі ағымдарға түсіп кету қаупі алаңдатады. Сондықтан мектепке кешікпей келуі, сабақтан шыққан соң бірден үйге қайтуын бақылап отырамыз. Ата-аналардың уайымы біраз  азайды деуге болады.

Айта кету керек, орта есеппен жылына 6 рет ҰҚК-нің қатысуымен лаңкестікке қарсы оқу-жаттығулары өткізіледі. Бұл мекемеаралық қарым-қатынасты күшейтіп, кез келген жағдайға сақадай сай болуға септігін тигізеді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109