564

Елордада полицияның қоғамдық көмекшілерін марапаттады

Астанада қоғамдық тәртіпті сақтау мен қылмыстың ашылуына атсалысқан полицияның қоғамдық көмекшілері марапатталды.

Астанада қоғамдық тәртіпті сақтау мен қылмыстың ашылуына атсалысқан полицияның қоғамдық көмекшілері марапатталды. Бұл туралы қалалық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті. 

Қалалық әкімдіктің қолдауымен Ішкі істер департаменті қоғамдық тәртіпті сақтау мен қылмыстың ашылуына атсалысқан азаматтарды тоқсан сайын марапаттайды. 

Ведомстваның мәліметі бойынша, бүгінгі күні елорданың аумақтық ішкі істер басқармаларында 332 қоғамдық көмекші жұмыс істейді. Олардың қатарында мемлекеттік емес құрылымдардың күзетшілері мен ішкі істер органдарының ардагерлері бар.  Жыл басынан бері олардың көмегімен 37 қылмыс ашылып, 1400-ден астам құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

«Елордалық полицияда биылғы жылдың бірінші тоқсанында 205 қоғамдық көмекші 3 млн.75 мың теңгеге (әр қайсысы 15 мың теңгеден) ақшалай сыйлық алды. Марапатталғандар қатарында консьерждер, шұғыл-жастар отрядтары мүшелері, ішкі істер органдары ардагерлері сапындағы Қоғамдық кеңес мүшелері  бар», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, қалалық ІІД мәліметі бойынша, қоғамдық тәртіпті сақтау ісінде елордалық жоғары оқу орындары студенттерінен құрылған шұғыл-жастар отрядтарының маңызы ерекше көрінеді. Қазіргі кезде олардың қатарында 87 адам бар. 2013 жылы олардың көмегімен 120 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109