614

Бейнебаян: Қалада құқық бұзушылықтың жолы кесілуде

Астана қаласы ІІД қызметкерлері «нөлдік төзімділік» акциясы аясында қала аумағындағы кез келген құқық бұзушылыққа шектеу қоюда.

Астана қаласы ІІД қызметкерлері «нөлдік төзімділік» акциясы аясында қала аумағындағы кез келген құқық бұзушылыққа шектеу қоюда. Соның ішінде, қоғамдық орындардағы құқықтық тәртіпке ерекше назар аударылып жатыр. Олар  соттармен бірге студенттер, аудан әкімдіктері мен қала әкімдігі қатысқан  сот мәжілістерін өткізіліп, заң бұзушылықтың жолын кесу жөнінде бірқатар іс-шаралар жүргізілген.

Госман Жакин, Астана қаласы, ІІД-нің  Әкімшілік полициясы басқармасы бастығының орынбасары:

Расында, заң бұзушылыққа қарсы атқарылып жатқан жұмыс аз емес. Соның ішінде, ұсақ бұзақылыққа тоқталғым келеді. Оған қоғамдық орында ішімдік ішу, темекі шегу, шемішке шағу, қоқыс тастау, қоғамдық орындарды бүлдіру, өзгелердің тыныштығын бұзу сынды факторлар жатады. Биылдың өзінде ұсақ бұзақылық үшін 1100 адам әкімшілік жазаға тартылды.

Жалпы жыл басынан бері 11445 әкімшілік заң бұзушылық  фактісі тіркелген. Оның ішінде 1430-ы өзгенің тыныштығын бұзған, 3915 қоғамдық орындарда алкогольді ішімдік ішіп, не мас күйінде қоғамдық орында жүрген. 1145 ұсақ бұзақылық, 2960-ы арнайы рұқсат етілмеген жерлерде темекі шеккен және рұқсат етілмеген жерде сауда жасаған 140 факті тіркелген. Сот шешімі бойынша 130 заң бұзушы әкімшілік қамауға алынса, 938-іне  әкімшілік айыппұл салынды. 

Госман Жакин, Астана қаласы, ІІД-нің Әкімшілік полициясы  басқармасы бастығының орынбасары:

Қазір қала тазалығын бұзатын тұрғындармен де күресіп жатырмыз. Кез келген жерге сурет салу, қағаз жабыстырып кету –  ол да заң бұзушылыққа жатады. Осы күнге дейін мұндай 3000-ға жуық факті тіркелді. Сондай-ақ, 2012 жылы  әкімшілік кодекске өзгертулер мен толықтырулар енгізілгенін айта кету керек. Заң бойынша кез келген жерде сауда жасауға болмайды.  

Айта кету керек, демалыс, мереке күндері ІІД қызметкерлерінің жұмысы көбейе түседі. Ал, заң бұзушыларды анықтауға көшелерде орнатылған бейнекамералардың пайдасы зор екенін айта кету керек. Ол бұзақыларды ұстап қана қоймай, қажет жағдайда дәлел бола алады. Әкімшілік заң бұзушылық үшін орта есепте 5 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Сонымен қатар сот шешімі бойынша 3- 5 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынады. Былтыр 148 адам әкімшілік қамауға алынса, биыл жыл басынан бері 133 адамға осындай жаза қолданылған.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109