1196

Түнгі рейд кезінде Астананың жол полиция қызметкерлері 100-ден астам ЖҚЕ бұзуды анықтады

Астана қаласының Жол полициясы басқармасы қызметкерлері 22 мамырда «Қауіпсіз жол» республикалық шұғыл алдын алу іс-шарасы аясында түнгі рейд өткізді.

Астана қаласының Жол полициясы басқармасы қызметкерлері 22 мамырда «Қауіпсіз жол» республикалық шұғыл алдын алу іс-шарасы аясында түнгі рейд өткізді. Бұл туралы қалалық ІІД ЖПБ баспасөз қызметі мәлім етті.

Түнгі рейд кезінде негізгі басымдық Жол қозғалысы ережесін өрескел бұзғандарды анықтауға бағытталды.  «Автомобильді мас күйінде жүргізу, жол полициясы қызметкерлерінің талаптарына бағынбау, жылдамдықты шамадан тыс арттыру, басып озу ережесін бұзып, жолдың қарсы бөлігіне шығып кету, тағы да басқа көптеген фактілер анықталды», - деп түсіндіреді жол полициясы қызметкерлері.

Түнгі рейд іс-шарасы кезінде жол полициясы қызметкерлері жол қозғалысы ережесін бұзған 101 адамды анықтаса, олардың 11-і көлік құралдарын мас күйінде жүргізгені үшін ұсталды. Сондай-ақ, басып озу мен маневрді бұзған – 24, тиісті құжаттарсыз көлік жүргізген – 3 жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылып, 13 автомобиль айыппұл тұрағына қойылды. Сонымен қатар,  жол полициясы қызметкерлері үш қылмыскерді қолға түсірсе, олардың біреуі Ресей Федерациясы аумағында ауыр қылмыс жасап, халықаралық іздеуде жүрген азамат болып шықты. 

Қалалық ЖПБ бастығының орынбасары Бауыржан Шоланов өз сөзінде «Қауіпсіз жол» шұғыл алдын алу іс-шарасы бірінші кезекте еліміздің автожолдарында  апатты жағдайларды азайтуға, тәртіп пен жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Іс-шара кезінде ЖПБ жеке құрамы күшейтілген жұмыс тәртібіне көшіріліп, автожолдар мен көше бойларында кезекшілік атқарылғанын  атап көрсетті.

Статистикаға сәйкес, 2013 жылдың 4 айында қалада 126 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Салдарынан 16 адам көз жұмып, 133 адам жарақат алған. ЖКО жалпы санының 75-і жаяу жүргіншілердің кінәсінен болды. Олардың жол ережесін сақтамауынан 5 адам көз жұмып, 72 адам түрлі дәрежеде жарақат алды.   

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109