1382

Астанада кейбір тағам түрлеріне баға арзандады

Елордада наурыз айында күнбағыс майы, май, қант, құс еті, қарақұмық сияқты әлеуметтік мәні зор тағамдар мен бірқатар көкөніске баға арзандады.

Елордада наурыз айында күнбағыс майы, май, қант, құс еті, қарақұмық сияқты әлеуметтік мәні зор тағамдар мен бірқатар көкөніске баға арзандады. Бұл туралы қалалық Статистика департаментінен мәлім етті.

Сондай-ақ, ведомствоның мәліметі бойынша, қарақұмық  2,7%, күнбағыс майы - 1,4%, қант - 1,3%, тауық еті - 0,6% арзандаған.

Сонымен қатар, макарон өнімдеріне бағаның өсуі (1,7% - 2,4%-ға), тұз және қара шай мен хош иісті қара шайға ( 2,2%-ға), жұмыртқаға (1,4%-ға) және кефирге ( 0,4%-ға) байқалған.

Көкөніс өнімдеріне қатысты биылғы жылдың наурыз айында пиязға (5,8%-ға), картопқа (2,2%-ға), орамжапырақ пен сәбізге ( 2,1%-ға) баға төмендеген. Ал өз кезегінде қияр (6,0%-ға)  мен қызанаққа баға  (2,4%-ға) қымбаттаған.

Еске салайық, биылғы жылдың ақпан айында баға ет пен көкөніске арзандаған болатын. Сондай-ақ, өткен айда қой еті (2,3%) мен сиыр етіне (2%), картоп ( 4,2%) пен сәбізге  ( 4,1%) баға төмендеген еді. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109