745

«Астана-Таңдауы -2012» байқауы жеңімпаздарға тың серпін берді

2012 жылы алғаш рет өткен «Астана-Таңдауы» байқауына дауыс беру нәтижелері жеңімпаздар жұмыс істейтін мекемелердің басшыларына байқауда жеңіп, «халық сүйіспеншілігіне» бөленуге мүмкіндік берді.

2012 жылы алғаш рет өткен «Астана-Таңдауы» байқауына дауыс беру нәтижелері жеңімпаздар жұмыс істейтін мекемелердің басшыларына байқауда жеңіп, «халық сүйіспеншілігіне» бөленуге мүмкіндік берді. Жалпы, 2012 жылдың «Үздік дәрігері» «Перинаталдық орталық» МКҚК акушер-гинекологы Владимир Калашников тиімді перинаталдық технологиялар бойынша Қалалық үйлестіруші ретінде әріптестеріне дәріс бере бастады. «Педагог» аталымында жеңімпаз атанған Астана қаласы №10 мектеп-гимназиясы бастауыш сыныптарының мұғалімі Мария Шокубасова сарапшы ретінде оқулықтар әзірлеуге белсене кірісті. Жеңімпаздар басым бөлігі өздерінің байқауға ұсынылғанын білмейтін болып шықты және жеңімпаз атанғандарын естігенде қатты қуанды. Сонымен қатар, өткен жылғы жеңімпаздарға шамамен 30 мыңға тарта адам дауыс берді.

Астана қаласында элемктрмен жабдықтау жүйесін әзірлеуге және жаңартуға 30 жылдан бері белсенді араласып келе жатқан «Үздік энергетик» Сергей Алексеев: «Бұл байқаудың тәрбиелік мәні зор. Бұрын әр қалада құрмет тақтасы болатын, онда қаланың дамуына үлес қосқан адамдардың суреттері ілінетін. Бұл өзгелерді ынталандырады және өскелең ұрпаққа, жас мамандарға өмірдегі жолын дұрыс анықтау, алдына мақсат қою, жоспарларын жүзеге асыру үшін жол нұсқайды.

«Байқауды жыл сайын өткізу қажет деп ойлаймын. Жеңімпаздар туралы бүкіл қала халқы білетіндей етіп жариялау қажет. Тағы бір айтарым, «үздік қоғам қайраткері» аталымы енгізілсе екен. Бүгінгі күні қаламыздың өркендеуіне ақысыз үлес қосуға дайын жандар өте көп, оларды қолдау қажет», - дейді қаланың «Үздік құрылысшысы», Л.Гумилев атындағы ЕҰУ Сәулет-құрылыс факультеті, «Құрылыс» кафедрасының профессоры Майдан Құсайынов.

Жалпы қалалық «Астана-Тандауы» байқауы – бұл күнделікті өмірде кездесетін қарапайым жандардың жанқиярлығы мен қаһармандығын баяндайтын тарих. Байқауға қатысушыларды тамыр-таныстары, әріптестері ұсына алады. Жеңімпаз жиналған дауыс саны бойынша анықталады. Өтінімдерді қабылдау басталып кетті. Егер де танысыңыз жайлы баяндағыңыз келсе, мына мекен-жайға хабарласыңыз: 010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 25-үй, 401-кабинет немесе электрондық пошта astana-tandauy-2013@gmail.com немесе astanaday@gmail.com. Егжей-тегжейлі ақпарат алу үшін мына телефондарға хабарласыңыз 8 (7172) 910-842, 910-845 (факс).

«Педагог», «Қоғамдық көлік жүргізушісі», «Учаскелік инспектор», «Дәрігер», «Энергетик», «Жол жөндеуші» және «Құрылысшы» салаларының ең үздік мамандарын іздейміз. Өтінімдер қабылдау наурызда басталып, 31 мамырға дейін жалғасады. Дауыс беру 1 маусымда басталады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109