1186

Бейнебаян: Донорлық – екінші адамның өмірін сақтап қалу

7- сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күні. Ол – 1948 жылдан бері жыл сайын әлемнің түкпір-түкпірінде аталып келеді.

7- сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күні. Ол – 1948 жылдан бері жыл сайын әлемнің түкпір-түкпірінде аталып келеді. Содан бастап Дүниежүзілік денсаулық ұйымына (ДДҰ) екі жүзден аса мемлекет мүше болған. Ал, мұндағы басты мақсат, мерекені жан-жақты атап өту емес, денсаулықтың қадірін біліп, оны  жақсарту болса керек. Осы атаулы датаға орай Астанада донордың корпоративтік күні өтті.

Юрий Ким, донор:

Мүмкіндігіне қарай, жылына бірнеше рет қан тапсыруды әдетке айналдырғанмын. Қателеспесем, бүгін 4-ші рет келдім. Бұл бір жағынан қан айналымын жақсартса, екінші жағынан өзге адамға өмір сыйлаймын. Ал, денсаулығымды қалыпты ұстау үшін спортпен айналысып, жеміс-жидек пен етті көбірек жеуге тырысамын. 

Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы мен «Өмір тамшысы» ҚБ ұйымдастырған бұл шара әлеуетті қан донорлары мен гемопоэздік дің жасушалары донорларын жұмылдыруға бағытталған.

Сара Асан, донор:

Біреудің өмірін сақтап қалуға септігімді тигізу үшін  бүгін осында қан тапсыруға өз еркіммен келіп отырмын. Алғаш рет қан тапсыруға келсем де, қорқыныш, толқу деген жоқ. Осындай істі қайрымдылық  деп ойлаймын.

Қан тапсыру арқылы жыл сайын миллиондаған адамды өлімнен аман алып қалуға болады. Бүгінде тек Астананың өзінде күніне кем дегенде 40 адамға қан керек болады екен.

Елена Голицкая, Астана қаласыТрансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы көшпелі бригадасының бастығы:

Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы 303 медициналық мекемеге қызмет көрсетеді. Түрлі апаттар, қан кету, ауыр босану жағдайлары болады. Сонда науқасқа жедел қан құйып, өміріне төнген қауіптен аман алып қалу керек. Стационарда бір күнде 200 адамға дейін қан тапсыратын кездер болады. 

Корпоративтік донор күні 32 адам қан тапсырыпты. Демек, адам ағзасында қанның атқаратын ролі зор. Ол ағзадағы зат алмасу жүйесін реттеп, қалыпқа келтіріп отырады. Демек, онсыз адамның өмір сүруі де мүмкін емес. Ал, өзге адамға қан беру оның өмірін сақтап қалу деген сөз. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109