1352

ҰОС ардагерлері мен мүгедектері Қазақстан мен ТМД-да пойызда тегін жүреді

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Ұлы Жеңістің 68 жылдық мерейтойына орай 2013 жылдың 1 мамырынан 31 желтоқсанына дейін Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне жолаушылар пойыздарында тегін жол жүру дәстүрлі акциясын өткізуде.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Ұлы Жеңістің 68 жылдық мерейтойына орай 2013 жылдың 1 мамырынан 31 желтоқсанына дейін Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне жолаушылар пойыздарында тегін жол жүру дәстүрлі акциясын өткізуде. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі мәлім етті.

Мерекелік акция аясында ҰОС ардагерлері мен мүгедектері Қазақстан Республикасы мен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері аумағында темір жол көліктерінде тегін жүре алады. Ардагерлер «Тальго» зауыты шығарған вагондардан құралған пойыздардан бөлек, жолаушылар пойыздарының барлық санаттары мен бағыттарында, сонымен қатар қалааралық пойыздарда да купелік вагондармен жүру мүмкіндігіне ие.

Ардагерлер тегін билетті темір жол кассаларынан ала алады. Өзімен бірге жеке куәлігі, сонымен қатар, ҰОС ардагері немесе мүгедегі туралы куәлігінің түпнұсқасы мен көшірмесі болуы қажет.

Акцияны өткізу туралы қажетті ақпаратты «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның теміржол кассалары мен тәулік бойы жұмыс істейтін «105» анықтама телефонынан алуға болады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109