1290

«Балаларға көмектесеміз» қайырымдылық марафоны өтеді

Бүкіл әлемде 15 сәуірде дәстүрлі Жастардың қызмет күні өтеді. Мереке аясында әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған түрлі жобалар мен іс-шаралар ұйымдастырылады.

Бүкіл әлемде 15 сәуірде дәстүрлі Жастардың қызмет күні өтеді. Мереке аясында әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған түрлі жобалар мен іс-шаралар ұйымдастырылады. Елордалық жастар да басқа мемлекеттер мен қалалардан қалыспай, осы күнге орайластырылған қоғамдық пайдалы акциялар өткізуге шешім қабылдап отыр.  

Биылғы жылдың 20 сәуірінде елордада Астана ассоциациясы түлектері мен Жастарды дамыту орталығы және  FLEX бағдарламасы түлектерінің бастамасымен «Балаларға көмектесеміз» қайырымдылық марафоны өтеді. .

«Біз бұл марафонды Ақмола облысының Ақкөл қаласы мен Жолымбет ауылындағы балалар үйінде тәрбиеленушілер үшін  спорт алаңының құрылысына ақша жинау үшін өткізіп отырмыз. Біз балалармен бірге ісіміздің оңға басатынына өте сенеміз», - деп атап көрсетті марафонды ұйымдасырушы Астана ассоциациясы түлектерінің қатысушысы Сая Кәкім. 

Бастаманы қоғам қайраткерлері, жастар ұйымдарының басшылары, және қазақстандық өнер жұлдыздары қолдап отыр. «Мен Қазақстанның болашақ спорты үшін жүгіремін!» - дейді бокстан Олимпиада және екі дүркін әлем чемпионы Серік Сапиев.  «Мен бұған белсене қатысамын. Өйткені, мен балаларды жақсы көремін. Олардың болашақтары жарқын болуы керек», - дейді «Хабар» агенттігінің жүргізушісі Жанна Әлішерова.  

«Қайырымдылық марофоны 2013 жылғы 20 сәуірде таңертеңгі 10.00-де Есіл өзенінің жағасында басталады. Марафонның ара қашықтығы: кіші және үлкен шеңбер бойынша бір және бес шақырым. Марафонға қатысушыларды тіркеу сол күні Салтанат сарайының қасындағы Қазақстан Республикасы Туының жанында жүргізіледі.   

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109