1383

Бейбіт күнде арманы орындалған қарт майдангер

Жеңіс күні жақындаған сайын Шалболов Жанияз ақсақал сан түрлі ойға беріліп, өткен күндерге көбірек үңіледі.

Жеңіс күні жақындаған сайын Шалболов Жанияз ақсақал сан түрлі ойға беріліп, өткен күндерге көбірек үңіледі. Бір жағынан сұм соғыс мыңдаған отандасы мен екі ағасынан айырса, сол от пен оққа кеудесін тоса жүріп, кешегі қан кешкен батырларымыздың арқасында бейбітшілік туы желбіреді.

1925 жылы Қызылорда облысы, Қазалы ауданында дүниеге келген кейіпкеріміз де қиындықтың дәмін ерте татады. 8 жасында аштықтан әкесі қайтыс болса, анасы мен бауырларынан адасып қалады. Сөйтіп, балалар үйінде ер жетеді. Кейін Ақтөбе маңындағы Бершігүл шахтасында жұмыс істеп жүргенінде Қызыл Армия қатарына шақырылады.

Жанияз Шалболов, ҰОС ардагері:

1943 жылы сәуір айында ҰОС-қа аттандым. 18 жасқа толар кезде әскер қатарына алынып, Забайкальеде әскери қызмет істедім. Қиыр Шығыстағы Владивосток аумағында бекіністе жатып, артеллирист және шекарашы ретінде әскери дайындықтан өттік. Бұл кезде Жапониямен соғыс жүріп жатқан уақыт болатын. Олардың әр қадамын аңдып, жаудың жағадан алуына жол бермедік.

Бүгінде 88 жасқа келген ардагер Жамал апайымыз екеуі ұл-қыз тәрбиелеп өсіріп, солардан немере, шөбере сүйіп отыр. Олардың ендігі арманы  өздері көрген қиыншылықты келешек ұрпақ көрмесін деген тілек қана.

Жанияз Шалболов, ҰОС ардагері:

Соғыста достарым көп еді. Соғыс аяқталғанда аман қалған 27-міз бірге елге оралдық. Үйлендік, қызмет істедік. Бірақ бүгінде олардың көбі о дүниелік болып, соның 3-уі ғана тірі жүр. Соғысты еске алмауға болмайды. Адамзатқа көп қиыншылық әкелген соғыс ешқашан ұмытылмайды. Шекара күзетіп дзотта жатқанда 3-4 күн тамақ ішпеген кездеріміз болды. -50 градусқа дейінгі суыққа да шыдадық., окоп қаздық. Окопта жатып суда ұйықтап қалатынбыз.

Жанияз Шалболов 1943-1945 жылдары №47994 әскери бөлімде рота старшинасы болған. Забайкалье, Қытайдың Маннжория, Қорғас аймақтарын жаудан азат етіп, Жапонияның Квантун армиясына қарсы майданға қатысқан. Старшина, пулеметші, құралайды көзге атқан мерген болған. «Жапонияны жеңгені үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен, Қытай-жапон соғысының 65 жылдығына орай ҚР-дағы ҚХР-ның елшісі Чжоу Лидің Алғыс хатымен  марапатталған.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109