1180

Астана өрт сөндірушілері жыл сайын 50-ден астам адамның өмірін құтқарып қалады

1918 жылғы 17 сәуірде жас Кеңес республикасында «Отпен күрес жөніндегі мемлекеттік шараларды ұйымдастыру» декретіне қол қойылды. Содан бері бұрынғы КСРО республикалырының бірқатарында бұл күн Өртке қарсы қызмет күні ретінде аталып өтіледі.

1918 жылғы 17 сәуірде жас Кеңес республикасында «Отпен күрес жөніндегі мемлекеттік шараларды ұйымдастыру» декретіне қол қойылды. Содан бері бұрынғы КСРО республикаларының бірқатарында бұл күн Өртке қарсы қызмет күні ретінде аталып өтіледі. Қазақстанда аталған мереке ресми емес түрде жыл сайын дәстүрлі аталып келеді.  

Астананың өртке қарсы қызметі өзінің бастауын 1912 жылдан алады. Бірінші өрт сөндіру командасы өрт депосында драма театрдың қасында орналасты.Оның штатында барлығы 24 адам болды.  .

Бүгінгі Өртке қарсы қызмет Астана ТЖД құрамындағы ең қуатты шұғыл қимыл құрылымы болып табылады.  Оның жеке құрамында 1344 адам, 10-нан астам өрт депосы мен 140 автотехника бар, деп – хабарлайды Департаменттің баспасөз қызметі.  

Астананың өртке қарсы қызметі  Мемлекеттік қызметінің гарнизоны бөлімшесіне жыл сайын 2500 шақыру дабылы түседі.  Қала аумағында жыл сайын орта есеппен 600-ге тарта өрт шығады. Оны сөндіру кезінде осы бір қаһарман мамандық иелері 50-ден астам адамның өмірін құтқарып, 3000-ға дейін адамды қауіпсіз жерге көшіреді.   

Астана ТЖД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, биылғы жылдың басынан бері елордада 212 өрт тіркеліп, 9 адам көз жұмған және 15 адам түрлі дәрежеде жарақат алған.  

Өрттің 50-ден астамы монтаждау ережелерін сақтамай, электр құрылғыларын дұрыс пайдаланбағандықтан болғандығы анықталды. Басқа негізгі себептердің қатарында - отты немесе отынмен жылытылатын пештерді жағуда қауіпсіздік ережелерін сақтамау бар.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109