1211

ҰОС ардагерлері Қазақстан мен ТМД қалаларына тегін ұша алады

Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен оларға теңестірілгендерге Қазақстан мен Тәуелсіз Мемлекеттер достастығы елдері қалаларына авиақатынаста 100% жеңілдік жасалады.

Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен оларға теңестірілгендерге Қазақстан мен Тәуелсіз Мемлекеттер достастығы елдері қалаларына авиақатынаста 100% жеңілдік жасалады. Бұл туралы Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мәлім етті. 

Басқарманың мәліметі бойынша, жеңілдікті «Эйр Астана» АҚ мен  «SCAT» авиакомпаниясы» АҚ ұсынып отыр.

«Эйр Астана» АҚ 100% жеңілдікті ҰОС ардагерлеріне эконом класта жүйелі түрде «Эйр Астана» АҚ орындайтын рейстерге Қазақстан мен ТМД қалалары бойынша авиабилеттер сатып алған кезде ұсынады.

Теген авиабилеттер алу үшін ардагерлерде мынандай құжаттар болуы қажет:

- ҰОС ардагерлері мен мүгедектері үшін – тиісті органдар берген ҰОС қатысушы/мүгедектік куәлігі;

-  «ҰОС ардагерлерінің» басқа санаттары үшін – зейнетақы тағайындаған орган куәландырған зейнетақы куәлігі;

-  «Ленинградты қорғағаны үшін» медалі және Ленинград қоршауының тұрғыны» белгісі, тылда еңбек еткені үшін, Ұлы Отан соғыс кезіндегі әскери қызметі үшін  ордендер мен медальдермен марапатталғандар үшін зейнеткерлік куәлікке қоса осы марапаттарды растайтын құжаттар талап етіледі.  

«SCAT» авиакомпаниясы» АҚ рейсіне де 100% тариф көлемінде жеңілдік жасалады. Жолаушыдан тек аэропорт жиынтығы алынады. Көрсетілген жеңілдіктермен мұндай тасымалды рәсімдеу кезінде (DM00) қазақстан азаматтығы талап етілмейді. Жеңілдікті иеленетін құжаттарды ұсынса, жетіп жатыр.  

Сондай-ақ, ҰОС ардагері мен мүгедегінің қасына ілесіп жүретін бір адамға тарифтің 50%-ы көлемінде жеңілдік беріледі. Қосымша жүк жиынтығы төленеді. Жеңілдіктер бір жыл бойы жарамды.

«Аталған жеңілдіктер ҰОС қатысушылары мен мүгедектерін;  оларға теңестірілгендерге (Ленинград қоршауының тұрғыны, концлагерлерде азапталғандар мен тыл қызметкерлеріне) беріледі», - делінген хабарламада.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109