1281

Әйелдердің зейнет жасын ұлғайтудың тиімді жақтары да бар

2014 жылдан бастап 2023 жылға дейін, әр 6 ай сайын қазақстандық әйелдердің зейнет жасы ұлғаятын болады.

2014 жылдан бастап 2023 жылға дейін, әр 6 ай сайын қазақстандық әйелдердің зейнет жасы ұлғаятын болады. Бүгін осыған орай Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов Астана тұрғындарымен кездесіп, зейнетақы жүйесін жетілдіру жөнінде қабылданған заң жобасын талқылады.

«Әйелдер үшін зейнетке ерте шығу құқығы сақталады. Егер 32 жылда зейнетақы қорына қажетті қаржы жинасаңыз, үкімет белгілеген жасты күтпей-ақ, ерте зейнетке шыға аласыз. Зейнетақы жинақтары жеткілікті болса, 50 жастан бастап зейнетке шығуға болады. Ал, 5 не одан көп баласы бар әйелдер оларды 8 жасқа дейін тәрбиелеп отырса, 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін жалпы еңбек өтілі 20 жылдан кем болмаса, 53 жастан зейнетке шығуына болады», - деді төраға.

Төтенше және жоғары радиациялық қатер аймақтарында тұрған әйелдер 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін жалпы еңбек өтілі 20 жылдан кем болмаса, 45 жастан зейнетке шыға алады. Ал, бала күтімімен жұмыс істемейтін аналардың әр баласы 3 жасқа келгенге дейінгі уақыты, жалпы 12 жылдағы еңбек өтілі есептеледі.

Сонымен қатар, кездесу барысында егде жастағы адамдарды жұмысқа қабылдауға  бағытталған «Әлеуметтік жұмыс орындары туралы» ҚР Заңын әзірлеу;Үдемелі индустриалдық инновациялық бағдарламаның шеңберінде  әйелдер еңбегін кеңінен пайдалануды көздейтін жобаларды іске асыру; «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында егде жастағы адамдар арасында кәсіпкерлікті дамыту шаралары; егде жастағы адамдарды қашықтықтан жұмыспен қамту жөнінде тағы басқа да ережелерді енгізу жоспарланып отырғандығы да сөз болды. Кездесу соңында Әлихан Смайылов тұрғындардың  сұрақтары мен өтініш-талаптарына толық, жан-жақты жауап берді. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109