1287

Ардагерлер жадынан сол жылдар ұмытылмайды

1942 жылы әскер қатарына шақырылып, 1950 жылға дейін майдан кешкен Қазиз Джулдыбаев өткен өміріне өкінбейді. Елі үшін кеудесін оққа тосқан ақсақал Жапония соғысына қатысып, суық пен аштыққа төзіп, азат күнге жеткенін тебірене еске алады.

1942 жылы әскер қатарына шақырылып, 1950 жылға дейін майдан кешкен Қазиз Джулдыбаев өткен өміріне өкінбейді. Елі үшін кеудесін оққа тосқан ақсақал Жапония соғысына қатысып, суық пен аштыққа төзіп, азат күнге жеткенін тебірене еске алады.

Қазиз Джулдыбаев, Ұлы Отан соғысының ардагері:

Біз 300-ге жуық адам едік, бәрімізді Ақмоладан тауар таситын пойызбен алып кетті. Бірақ, қайта баратынымызды айтқан жоқ. Тек Петропавлдан шығысқа қарай өткенде Жапонияға баратындығымызды жеткізді. Қыс мезгілінде тауар таситын пойызда 15 күн жол жүрдік. Темір пеш бар екен, соған өзіміз от жақтық. Белгіленген жерге жеткен соң бір дивизия жасақтады. Ол 298 атқыштар дивизиясының 886 батальоны еді.

Соғыс ерте есейткен жауынгер таңның атысы, күннің батысы дамылдауға мұршамыз болмады, дейді. Жаумен айқасумен қатар күніне тереңдігі 5 м, ұзындығы 80 м-ге дейін жететін окоп қазу керек. Тәртіп қатаң. Ал, соғыс аяқталған соң жас сарбаз жол салуға Татарстанға жөнелтіледі.

Қазиз Джулдыбаев, Ұлы Отан соғысының ардагері:

Татарстанда жол салдық, мен офицер болдым. Сол жақта пәтер жалдап тұрдым. Елге оралар кезде «Енді жалғыз қайтып барғанша, татардың бір қызын ала кет» деп достарым әзілдеді. Үйленгеніне көп бола қоймаған жігіттің үйінде тұрғанмын. Кейін ол маған балдызының суретін көрсетті, суреттен жаман қыз емес сияқты көрінді. Содан азық-түлігімізді алып, үйіне құда түсуге бардық. Әкесі бірден келісімін берді, ал, шешесі қызын алысқа жібергісі келмеді. Кейін шешесін көндіріп, соғыстан жұп боп қайттым.

Елге келісімен Қазиз ақсақал ұзақ жылдар бойы әскери қызмет істеп, 1973 жылы подполковник шенін алып, зейнет демалысына шыққан. Ал, соғыстан алып қайтқан жарымен дәм-тұзы жарасып, 62 жыл бірге ғұмыр кешкен.

Виктор Андреевич Ларин 1942 жылы әскерге шақырылып, Петропавл қаласында сопердің оқуын оқыды. Содан кейін Новосибирскіде дайындықтан өтті. 1942-1944 жылдары жауынгер Украина түбіндегі ұрыста сапер ротасының командирі болған.

Виктор Ларин, Ұлы Отан соғысының ардагері:

Бізді Украинаның Чугуев қаласына әкелді. Қақаған қыста 30 шақырым жаяу жүрдік. Окоптың бәрін қар борап, басып тастаған, қолмен қазудан басқа амал болмады. Аязға қарамастан сол окопта жаттық, денемізді үсітіп алмау үшін шыршаның бұтақтарын төсеніш еттік. Қару жетіспеді. Соған қарамастан, кірпік қақпай жауды көзден таса қылмадық.

89 жасқа келген ақсақал 1944 жылы ауыр жарақат алғанан кейін елге келеді. 50 жыл бойы көлік жүргізушісі болып қызмет етіп, арасында өнермен де әуестенген. Сөйтіп, би алаңында өмірлік серігін кездестіреді.

Пелагия Ларина, майдангердің зайыбы:

Біз тұрған өлкеде би алаңы болатын. Сол жерде Виктор жиі биге келетін. Ол менің ағаммен бірге жұмыс істеді, үйге де келіп тұратын. Содан бір-бірімізді білісіп, отбасын құрдық. Қазір некелескенімізге 65 жыл болды, немерелі, шөберелі ата мен әжеміз.

Бүгінде соғыс ардагерлеріне көрсетіліп жатқан көмек те аз емес. Майдан даласында көрсеткен ерліктері үшін түрлі дәрежедегі марапаттарға да ие болды. Алайда, олар үшін басты жеңіс халықтың бейбіт өмірде ғұмыр кешуі болса керек. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109