1305

Сарыарқа ауданында екі ұрпақ кездесті

Биылғы жылы Ұлы Отан соғысының Жеңісіне 68 жыл толады. Біздің жарқын болашағымыз үшін жандарын шүберекке түйіп, Отан қорғағандар арамызда өте аз қалды.

Биылғы жылы Ұлы Отан соғысының Жеңісіне 68 жыл толады. 

Біздің жарқын болашағымыз үшін жандарын шүберекке түйіп, Отан қорғағандар арамызда өте аз қалды. Олар бүгінгі өскелең ұрпақ үшін өшпес ерлік пен керемет отансүйгіштіктің қайталанбас үлгісін көрсетті.

Елордадағы  № 6 мектеп гимназиясында  Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 68 жылдығына арналған «Екі ұрпақтың кездесуі» өтті. Оған Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мектеп оқушылары қатысты, - деп хабарлайды Сарыарқа ауданының әкімдігінен. 

Оқушылар майдан даласындағы кескілескен ұрыстар туралы ардагерлер айтқан естеліктерді ұйып тыңдап, соғыстан кейінгі қираған халық шаруашылығын көтеруге қатысқан жанқиярлық еңбектер туралы естіп білді. 

Владимир Васильевич Кальсин өзінің майданға 18 жасында алынып, ұрыста ауыр жараланғандығын әңгімелесе,  Раиса Егоровна Сафоничева  соғыс басталғанда 16 жасында  радисттікке оқып, отан қорғауға белсене қатысқан. 

«Ардагерлердің жаны жас» –  бұл сөздер қан майданды көзімен көрген бүгінгі біздің ардагерлерге  де айтылғандай. Бүгінде олар қоғамдық еңбектен тыс қалмай, еліміз бен елорданың өмір-тіршілігіне  белсене араласады. Жастарды патриоттық рухта тәрбиелеуге атсалысады», - деп атап көрсетті өзінің сөзінде Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары Сәуле Нұрғожина.  

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109