1512

Астана тұрғындары 1 мамырда балалар хендмейдін тамашалайды

Ақмола облысының балалар үйі тәрбиеленушілері елорда тұрғындары үшін 1 мамырға өзіндік сыйлық әзірледі. Қазақстан халқының бірлігі күні қалада «Балалар хендмейді» екінші көрме-жәрмеңкесі өтеді.

Ақмола облысының балалар үйі тәрбиеленушілері елорда тұрғындары үшін 1 мамырға өзіндік сыйлық әзірледі. Қазақстан халқының бірлігі күні қалада «Балалар хендмейді» екінші көрме-жәрмеңкесі өтеді, - деп хабарлайды  Астана түлектері  ассоциациясынан. 

«Мега Астана» СОО-да өтетін жәрмеңкеге қол еңбегінің эксклюзивті заттары шығарылады. Олар: картиналар, бисер мен стеклярус әшекейлері, тігін өнері, панно, матадан жасалған қуыршақтар, қолшатырлар мен қолдан сурет салынған футболка, тағы да басқа заттар. 

«Ақкөл және Жолымбет балалар үйлері балаларының үздік жұмыстары үлкен ықыласпен, керемет ынтазарлықпен жасалып, көрмеге ұсынылған. Түскен ақшаға тәрбиеленушілер өздері армандаған заттарын сатып ала алады», - деп атап көрсетті жәрмеңкені ұйымдастырушы,  Астана түлектері ассоциациясының мүшесі Динара Чакарова.

Жәрмеңке «Ақкөл және Жолымбет балалар үйінің тәрбиеленуші-балаларын әлеуметтік бейімдеу» бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Жәрмеңкені ұйымдастыру үшін қажетті материалдар мен шикізаттар «Қазақстандағы Америка бұрыштарының волонтерлік рухы» жобасы бойынша грант қаржысы есебінен сатып алынды. 

Еске салайық, 2012 жылдың 16 желтоқсанында елордада өткен Жолымбет және Ақкөл балалар үйінің тәрбиеленуші-балаларының бірінші жәрмеңке-көрмесінің қорытындысы бойынша Ақкөл балаларының 14 көркем жұмыстары сатылған болатын. Сондай-ақ, қалалықтар Жолымбет балалар үйі тәрбиеленушілерінің 57 жұмысын сатып алды. Нәтижесінде волонтерлер 400 мың теңге ақша жинады. Бұл ақшаға балаларға: бірнеше ұялы телефон, бір ноутбук, ойыншықтар мен кімдер сатып алынды, - деп хабарлайды ұйымдастырушылар.   

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109