1709

Учаскелік инспекторлардың беделі арта түсті

Халық ықыласына бөленген үздік қызметкерлерді анықтайтын «Астана таңдауы» байқауын қорытындылайтын сәт те алыс емес.

Халық ықыласына бөленген үздік қызметкерлерді анықтайтын «Астана таңдауы» байқауын қорытындылайтын сәт те алыс емес. Бұл жалпыхалықтық байқау өз ісінің һас шебері –  «Педагог», «Қоғамдық көлік жүргізушісі», «Учаскелік инспектор», «Дәрігер», «Энергетик», «Құрылысшы»  кәсібінің иелерін тауып, халыққа кеңінен насихаттап, марапаттауды мақсат етеді.

Осы байқау қарсаңында Сарыарқа ауданының учаскелік инспекторлары  Кенжебек Махметов пен Мұрат Ширтаев өздерінің әкімшілік аумақтарына қарасты пәтерлерді аралап, қоғамдық тәртіпке бақылау жүргізді. Аталған ауданның учаскелік инспекторы Мұрат Ширтаевтың айтуынша, учаскелік инспектордың қызметі жанданып,  ел арасындағы беделі жылдан-жылға артып келеді. Өйткені,  тәуліктің қай уақыты болмасын, қоңырау шалып, шағым түсірген тұрғынға бірінші кезекте учаскелік инспектор көмекке келеді. Оның негізгі міндеті азаматтардың құқығын жерге таптатпай, өмірі мен денсаулығын қорғау, тұрғындардың этникалық құрамы мен барлық әкімшілік нысандарды назарда ұстап, жол жүйесін, автотұрақ, басқа да сипаттарды білу болып табылады.

«Маған тиесілі әкімшілік аумақта 3500 тұрғын бар. Жылына екі рет тексеріп, тұрғындарды тіркеуге аламыз. Ал, жалға берілетін пәтерлердің рұқсат қағазы болмаса, салық төлемесе, онда құзыретті органдарға хабар беруге міндеттіміз. Сондай-ақ, профилактикалық есепте тұрған, шартты түрде түрмеден шыққан, мерзімінен бұрын босатылған азаматтар есепке алынады. Оларды ай сайын тексеріп, көршілері мен туысқандарынан мінездеме аламыз. Жалпы, тұрғындардың басым бөлігі түн тыныштығын бұзған, қоқыс тастаған азаматтарға шағым жасайды», - дейді Сарыарқа ауданының учаскелік инспекторы Мұрат Ширтаев.

2013 жылдың мамыр айына дейін учаскелік инспекторлар 18618 құқық бұзушылықты анықтап, 2156 адамды профилактикалық есепке алған. Сонымен қатар тұрғындармен 238 жиналыс өткізіп, ізін суытпай 275 қылмыстың бетін ашқан.

Айта кетейік, өз ісінің шебері, майталман мамандық иесін кез келген қала тұрғыны таңдай алады. Үздіктер Астана қаласының ресми сайтында дауыс беру арқылы 1 маусым мен 30 маусым аралығында анықталады. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109