950

Балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін ұмытылмас мереке ұйымдастырылмақ

Астананың белсенді жастары ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін нағыз мереке ұйымдастыруға шешім қабылдап отыр.

Астананың белсенді жастары ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін нағыз мереке ұйымдастыруға шешім қабылдап отыр. 

23 мамырда Кәмелетке жасы толмағандарды бейімдеу орталығында, 24 мамырда Астананың отбасылық үлгідегі Балалар үйінде Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қол ұстасып, бірге атқарайық, достар...» қайырымдылық іс-шарасы өтеді. Бұл туралы қалалық Жастар саясаты мәселелері басқармасы мәлім етті.

«Балалар үшін сайқымазақтардың қатысуымен қызғылықты бағдарламалар дайындалған. Ән шырқалып, би биленеді. Балалар үйіндегі ойын-сауықты «Жас Талант» КТК қатысушылары қолдап, қошеметтейтін болады. Барлық іс-шараға қатысушыларға көптеген тосынсыйлар жасалып, сыйлықтар тапсырылады», - делінген хабарламада.

Мерекені ұйымдастырушылар - Жастар саясаты мәселелері басқармасының қызметкерлері. Оларға Астана қаласының 15 жылдығына орай сәуір- мамыр айларында  ұйымдастырылған «Жастар жалыны» ауқымды шығармашылық фестивалінің лауреаттары қол ұшын беретін болады. Фестиваль барысында қаланың көптеген жас әрі талантты орындаушылары мен шығармашыл ұжымдары  түрлі өнер жанрларында шеберліктерін танытқан болатын. Енді шағын болса да шынайы  сыйлық ретінде қаланың ЖОО-дан құралған командалардың  белсенділері  Астананың балалар үйінде тәрбиенушілерге арналған көңілді-танымдық бағдарлама аясында өнер көрсететін болады.

Ұйымдастырушылар аталған мерекелік іс- шара кішкентай астаналықтарға ұмытылмас көтеріңкі көңіл күй, ерекше әсер сыйларына сенімді. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109