ҚР Тұңғыш Президентінің күніне орай Астанада тұрмысы төмен 200 отбасыға әлеуметтік көмек көрсетіледі
ҚР Тұңғыш Президентінің күніне орай жергілікті бюджет қаржысы есебінен мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатындардың қатарынан тұрмысы төмен 200 азаматқа азық-түліктер жиынтығы түрінде әлеуметтік көмек көрсетіледі. Бұл туралы astana.kz сайтына Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасынан хабарлады.
Азық-түлік жиынтығына 25 кг макарон өнімі, 25 кг күріш, 5 кг қант, 5 литр сұйық май кіреді. Азық-түліктерді мекенжайлар бойынша жеткізуді жабдықтаушы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасымен бірлесіп қамтамасыз етеді. Бұдан басқа, Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне 20 мың теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетіледі. Ұлы Отан соғысына қатысушы тұлғаларға теңестірілгендерге және мүгедектерге, тыл қызметкерлеріне, қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларының мүшелеріне 10 мың теңгеден беріледі.
Айта кетейік, аталған әлеуметтік көмекпен 7 мыңнан астам адам қамтылады. Акция 28-30 қарашада өтеді.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz